2022-2023 оқу жылына әдістемелік жұмыстың жылдық талдауы » "Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 5-11-74
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылына әдістемелік жұмыстың жылдық талдауы
14
август
2023

2022-2023 оқу жылына әдістемелік жұмыстың жылдық талдауы

«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

«Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022-2023 оқу жылына әдістемелік  жұмыстың 

жылдық талдауы


Әдістемелік қызмет- бұл оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін игеру, оқу үрдісін ұйымдастыру мен қамтамасыз етудің неғұрлым ыңғайлы және тиімді жаңа формалары мен әдістерін іздеп табу, оларды оқу және тәрбие үрдісінде шығармашылықпен қолдану мақсаттарын көздейтін мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің басқаруымен өткізілетін іс-шараларды көрсететін педагогикалық әрекеттің негізгі түрі.
         Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіруде оның өзі жоспарлаған жеке жұмысын және білім жетілдіру мекемелерінде білімін көтеру жұмыстарын үйлестіріп ұйымдастыруды ескерудің, әр білім мекемесінің өзіндік озат тәжірибесін әдістемелік қызмет көрсету арқылы дамытудың маңызы зор.
 Қазіргі кездегі мектептің әдістемелік жұмыстарын сарапқа салып отырғанда оның шексіз де, шетсіз бағыттарын, маңызды да ауқымды мазмұнын еске алып, мектептану ілімінде әдістемелік жұмыстар жолға қойылған. 

          Мектептің әдістемелік жұмысы келесі нормативтік-ақпараттық құжаттар негізінде жүзеге асырылды: «Білім туралы» ҚР Заңы, ҚР Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы», әдістемелік - нұсқау хаты, мектеп жарғысы, жылдық оқу-тәрбие жоспары. Педагогтердің кәсіби конкурстарға қатысуы, білім алушыларын қатыстыруы оның бәрі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығы (жаңа редакцияда 25.05.2021ж № 232 бұйрығы) негізінде жүзеге асырылды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерстер енгізу туралы 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығы басшылыққа алынды.

Педагогикалық ұжымның жұмысы төмендегі  мақсат пен міндеттерді шешуге бағытталған:

  • Мектептің әдістемелік тақырыбын анықтап, жұмыс жүргізу.
  • Жаңа мазмұңдағы оқу бағдарламасын  еңгізу барысында мұғалімдердің әдістемелік дайындығына назар аудару.
  •  Сыныпаралық сабақтастық және мұғалімдер арасындағы сабақтастық жұмыстарды   жетілдіру.
  • Әдістемелік  апталықтардың өтілу формасы мен мазмұңың өзгерту
  •  Авторлық бағдарламаларды дайындап, шығару.
  • Сабақты зерттеу бойынша жоспарын құрып, жұмыс жүргізу
  • Әдістемелік бірлестіктердің жұмысын белсендету
  • Инновациялық және ғылыми- зерттеу жұмыстарын, мұғалімдердің курстан өту, тәжірибе тарату жұмыстарын   бақылауға    алу.

Мектептің әдістемелік тақырыбы:  «ОҚУ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАҒДАРЛАНҒАН ТӘСІЛ, ҚҰЗІРЕТТІ ПЕДАГОГ, САПАЛЫ БІЛІМ» 

Аталған тақырып  2022 жылғы 29 тамыз күні өткен №1 педагогикалық кеңесте бекітілді. 

Тақырыпты жүзеге асыру үш кезеңге белгіленген:

  • 1 кезең - теориялық   – 2022-2023 оқу  жылы  
  • 2 кезең - практикалық - 2023-2024 оқу жылы
  • 3 кезең - қорытындылау - 2024-2025 оқу жылы  

       Мақсаты: Оқу тәрбие үрдісін инновациялық нұсқада ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру және педагогикалық шеберлігін дамыту.
         Міндеттері: Оқу және оқу - әдістемелік жұмыстардағы ғылыми жаңалықтарды енгізе отырып, әдістемелік іс – шараларды тиімді ұйымдастырып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру және шығармашылық іскерлігін жетілдіру. Мұғалімнің сапалы тәжірибесін насихаттау мен тарату. 

2022-2023 оқу жылын мектепте 43 педагогтармен аяқтадық, 2022-2023 оқу жылында бала күтуіне байланысты декреттік демалыста - 2 педагог (ҰББДҚ сәйкес). 43 мұғалімнің ішінде 1 - педагог-психолог, 1 - дефектолог. Жоғары білімді – 41 мұғалім, арнаулы орта білімді - 2 мұғалім. Педагогика ғылымдарының магистрлері - 2 мұғалім. 

Мектеп мұғалімдерінің біліктіліктері бойынша нәтиже төмендегідей: 

       Жалпы мектеп бойынша 2022 – 2023 оқу жылы педагог-зерттеуші – 3 /15,3%/,  педагог-сарапшы - 9 /16,9%/, педагог-модератор – 7 /25,8%/,  санаты жоқ – 23 /35,4%/, екінші санатты – 2.

Оқу жылы

педагог-зерттеуші

Педагог-сарапшы

педагог-модератор

2021- 2022

3

9

7

2022 - 2023

3

9

7


Оқу жылы

Жоғары санат

Бірінші санат

Екінші санат

Санаты жоқ

2021 - 2022

0

0

2

23

2022 – 2023 

0

0

2

23


Оқу жылы 

2021 - 2022

2022 – 2023 

Жоғары білімді

41

41

Педагогикалық орта білім 

2

2

Педагогика ғылымдарының магистрлері

2

2


        Жыл бойы мұғалімдер ПШО,  «Өрлеу» біліктіліктерді арттыру орталықтарынан  курстан өтті. Курстан өтіп келген мұғалімдер тәжірибелерімен бөлісіп, есептерін беріп отырды. 

       Мектепте 4 әдістемелік бірлестік ауқымды жұмыс атқарды. Бірлестіктер жұмысының мазмұны алуан түрлі, олар оқу – тәрбие үрдісінің деңгейін оқушылар білімінің сапасын көтеру, өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жолдарын жетілдіру, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату мәселелерін қызу талдайды. Сондай-ақ пән бірлестіктерінде жаңа буын оқулықтары мен бағдарламалардың тәжірибелік нұсқаларын зерттеп, талқылайды. Бірлестіктердің әрқайсысы өз құзыры шегіндегі пәндер бойынша түрлі шығармашылық бақылау жұмыстары мен деңгейлік тапсырмаларды жасап құрастырып, оның тиімділігін өз іс-тәжірибелері барысында сынап тексеруде. Әдістемелік бірлестікте жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру, оны мектеп ішінде кеңірек тарату жұмыстары міндетті түрде іске асырылуы тиіс жұмыстары болып табылады. Әдістемелік пән бірлестігінің жұмысы бір оқу жылына жоспарланады. 4 бірлестіктің жетекшісі, мүшелері мен хатшысы бар.
 Жылына 5 рет отырыс өткізіліп, хаттамалары жазылды. Отырыстарда оқыту мен тәрбиенің түрлі өзекті мәселелерін талқылайды, зерттейді, мәселені шешу жолдарын анықтайды, мектеп әдістемелік және педагогикалық кеңестеріне, әкімшілікке ұсыныстар жасап отырады. Мәселен оларға оқыту мен тәрбиенің үрдісінің деңгейін көтеру мақсатындағы сабақты талдау, озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, ендіру, дәстүрлі емес сабақ құрылымдарын олардың тиімділік дәрежесін анықтау, оқытудың әдіс-тәсілдерін белсендіру жолдарын, сабақты бақылау формаларын талдады. 

Бірлестіктердің  әдістемелік апталықтарды өткізу кестесі құрылып жүзеге асырылды. 4 бірлестіктің апталығы өтті. Апталық   барысында   сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, интеллектуалдық ойындар  ұйымдастырылды. Сабақ барысында тілдер пәні мұғалімдері   оқушылардың ауызекі сөйлеу  тілін қалыптастыру мақсатында  айтылым, тындалым,  оқылым, жазылым дағдыларын  жүзеге асырып, сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын тиімді қолдану жолдарын көрсетті. 

Апталықтар барысында  мұғалімдер   цифрлық технологияларды сабақтарында қолданып, оның мүмкіндіктерін көрсете білді. Мысалы, мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдету, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың жауаптарын дер кезде бағалау, уақытында кері байланыс орнату т.б.  цифрлық технологиялардың  мүмкіндіктерін  мұғалімдер көрсете білді. Сонымен қатар, сабақ барысында  пән мұғалімдері оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын көрсетті. Пән мұғалімдері   сабақтарында практикалық тапсырмаларды ұйымдастырып, оқушылардың  білімдерін өмірмен байланыстыра білді.Атап айтсақ, қазақ тілі мен әдебиеті, математика, орыс тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып орыс бөлімі бірлестіктердің апталықтары жоғары дәрежеде, ұйымшылдықпен өтті.

Әдістемелік бірлестіктердің жұмысындағы  кемшіліктер:

  1. Апталықтардың өтілу формасы жаңартуды қажет етеді. 
  2. Апталықта кабинеттердің эстетикалық жабдықталуының қамтамасыз етілуі ескерілмеген. 

3.     Пән мұғалімдеріне  іс-тәжірибе тарату  жұмыстарын жоспарлап, жүзеге асырылуы қадағаланбады. 

        Мұғалімдеріміз іс тәжірибе тарату бойынша  облыс, аудан көлемінде өткен вебинар, семинарларға қатысып, тәжірибесімен бөлісті. Химия пәнінің мұғалімі Қ.Ахат, биология пәнінің мұғалімі Б.Ж. Нусипов облыстық вебинарда тәжірибесімен бөліс, сертификатқа ие болды. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Э.О. Омарова, химия пәнінің мұғалімі Қ. Ахат аудандық себинарда тәжірибесімен бөлісті. 

      Мектептің әдістемелік тақырыбы аясында ағымды оқу жылында мектептің оқу – тәрбие жоспарына сәйкес 1 аудандық, 1 облыстық деңгейіндегі семинар өткізілді. Семинарларда көтерілген мәселелер шешімін тауып, мұғалімдер тәжірибе алмасып, семинарда қойылған мақсаттарға жете алды. 

Тақырыпты жүзеге асыру, іс-тәжірибе тарату жұмыстарында жіберілген кемшіліктер:

1.     Авторлық бағдарламалар шығаратын мұғалімдердің саны жоқтың қасы.

2.     Облыс, республика, халықаралық деңгейде іс тәжірибе бөлісу, тарату жұмысы төмен. 

2022-2023 оқу жылында дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстың талдауы

       - Мектептің міндеті оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызу, өз бетінше іздене алатын шәкірт дайындау. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен толықтырылып, мұғалімнің де дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру-мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру. 

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістері:

  • Сауалнамалар, психолого-диагностикалық тренингтерді өткізу арқылы шығармашылық қабілетін анықтау;
  •  Ғылыми жоба жарыстарына, зияткерлік сайыс ойындарына қатыстыру, шығармашылық, спорттық ойындарға қатыстыру.
  • Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасына қатыстыру.

         Мектепішілік бақылаудағы маңызды саланың бірі  дарынды оқушылармен жұмыс. Бұл сұрақ мектепішілік бақылауда үнемі қарастырылады. Оны мектебімізде «Зерттеу» инновациялық тәсіл арқылы жүзеге асырамыз.


2022-2023 оқу жылы

АУДАНДЫҚ ЖЕТІСТІКТЕР:

1. Ақатайқызы Сымбат  10-сынып 3-орын, жетекшісі Б.Т. Амиргазиновна

2. Аппар Мадина 10 сынып 2-орын, жетекшісі  Б.Т. Амиргазиновна

3. Тохтасын Ақбота 9 сынып 3-орын, жетекшісі А.С. Бейсенова

Жасөспірімдер арасында Б.Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқауының аудандық кезеңіне 3 оқушы қатыстырылды, 

2оқушы жүлделі орынды иеленді.

  1. Аукен Зарина 11 сынып «Үздік репортаж» номинациясы

           3-орын, жетекшісі Ж.И. Калиева

  1.  Асанәлі Әли 9 сынып «Үздік шығарма номинациясы» 2-орын, жетекшісі А.С. Бейсенова

Дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстың кемшіліктері:

  1. Пән мұғалімдерінің олимпиада резервін дайындамау;
  2. Ғылыми жұмыстарға оқушыларды тартпау, жүйелі жұмыс жүргізбеу;
  3. Қашықтық байқаулар мен спорттық жетістіктерден басқа, Республикалық, Халықаралық деңгейде жетістіктердің болмауы.

Ұсыныстар: 

1.     Дарынды оқушылардың дарындылығын анықтау бойынша мектеп психологімен бірлескен жұмысты жүйелі ұйымдастыру;

2.     Пән мұғалімдерінің олимпиада резервімен жүйелі жұмыс жүргізу;

3.     Ғылыми жоба, іздену, зерттеу жұмыстарына оқушыларды тарту.


    Осы оқу жылында  әдістемелік жұмысты жүргізу барысында жіберілген кемшіліктерді ескере отырып келесі 2023-2024 оқу жылына  келесі міндеттер белгіленді:

  • Мектептің әдістемелік тақырыбын анықтап, тақырып бойынша   жұмысты жүйелі  жүргізу.
  • Білім беру мазмұнын жүзеге асыру барысында мұғалімдердің әдістемелік дайындығына назар аудару.
  •  Сыныпаралық сабақтастық және мұғалімдер арасындағы сабақтастық жұмыстарды   жетілдіру.
  • Әдістемелік  апталықтардың өтілу формасы мен мазмұнын өзгерту, эстетикалық талаптарға назар аудару.
  • Авторлық бағдарламаларды әзірлеу, бекітіп шығару, тәжірибе тарату.
  • Сабақты зерттеу бойынша жоспар құрып, жұмыс жүргізу.
  • Әдістемелік бірлестіктердің жұмысын белсендету.
  • Тәлімгерлер мен жас мамандардың  жұмыстарын жүйелеу. Қатаң бақылауға алу.
  • Дарынды оқушылармен жүйелі түрде жұмыс жүргізу.



         Қорытындылай келе айтатынымыз. Қазіргі заман талабына сай мектепке тек қана педагогикалық шеберлігі жоғары, өзінің іс-тәжірибесін сын тұрғысынан қарастырып, іске асыра алатын және сабақтарында ғылыми жетістіктерді қолдана алатын мұғалім қажет. Сондықтан әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, мектептің даму жоспарларында ең негізгі бағыт болып табылады. Әдістемелік жұмыстың ең негізі бұл – мектепте жалпыға бірдей сый құрметпен қарауға, әр адамның өзін-өзі өсіруіне ұжымдық және жеке алға ұмтылуына жағдай жасау.

       Біз жұмысымызда, мектепте психологиялық, педагогикалық карым-қатынастың жоғарғы дәрежесін құруға тырыстық. Яғни мектеп туралы бала және үлкен адам ойлағанда төмендегідей шешімге келсін: «Мектеп дегеніміз – бұл тек қана бала оқитын жер емес, бұл сен әрқашан да жақсы көретін, құрметтейтін, көмекке келе алатын, әр балаға төзімділікпен қарайтын, қиын да қызықты, көңілді және қуанышты мектеп».