Оқушыларға арналған жолда жүру ережелері, Жол қозғалысының ережелері және жол қауіпсіздігі туралы жадынама » "Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 5-11-74
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушыларға арналған жолда жүру ережелері, Жол қозғалысының ережелері және жол қауіпсіздігі туралы жадынама
05
сентябрь
2023

Оқушыларға арналған жолда жүру ережелері, Жол қозғалысының ережелері және жол қауіпсіздігі туралы жадынама

Жол қозғалысының ережелері және жол қауіпсіздігі туралы жадынама

Оқушыларға арналған жолда жүру ережелері

1. Тек жаяу жүргіншілерге арналған жолмен ғана жүріңіз!

2. Көшені ескерту немесе «жаяу жүргіншілер өтпелі» деген арнай белгі тұрған жермен ғана қиып өтіңіз. Ал ондай белгілер жоқ болса, жүргіншілерге арналған жол бойымен қиылысқан жерден кесіп өтіңіз.

3. Көшеден өтетін кезде – солға, ал ортасына келгенде оң жаққа қараңыз!

4. Көлік қозғалысы реттелетін көшелерде және жолдарда, жүріс бөлігін тек бағдаршамның жасыл белгісі жанғанда немесе қозғалысты реттеуші жүруге рұқсат берген кезде ғана кесіп өтіңіз.

5. Жақын келе жатқан көліктің алдын кесіп өтпеңіз!

6. Жолдың торабы немесе өтетін жер көрінбеген жағдайда, көшені жолдың шетінен оң жаққа қарай қиып өтуге және екі бағыт та анық көрінетін жермен кесіп өтуге болады.

7. Жолдан өтіп үлгермеген жаяу жүргіншілер қарама-қарсы бағыттағы көлік ағынын бөлетін сызықта тоқтап тұруы керек. Көшеден өтуді тек қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізген жағдайда және бағдаршамның жасыл белгісі жанғанда ғана жалғастыра аласыз.

8. Аялдамада тұрған автобусты немесе троллейбусты тек өтуге рұқсат етілген орындарда ғана айналып өтіңіз, бірақ сонда да сақ болыңыз. Мұндай көлік құралын алдынан немесе артынан айналып өту қауіпті.

9. Жолдың бойында ойын ойнамаңыз және көшеде конькимен, шаңғымен және шанамен сырғанамаңыз.

10. Өтіп бара жатқан көліктерге жабыспаңыз және трамвайдың ілініс құрылғысына жабысып ойнамаңыз – бұл өмірге қауіпті!

11. Көк түсті жарық шамы жағылған немесе көк және қызыл белгілермен бірге арнайы дыбыстық сигнал беріп келе жатқан көлік құралдары жақындағанда, көшеден өтпеңіз. Ал егер сіз жол бойында болсаңыз, осындай белгі берген көліктерге жол беріп, өткізіп жіберіңіз де, жолды дереу босатыңыз.

12. Есіңізде болсын, балаларға тек 14 жастан бастап қана көшелер мен жолдарда велосипедпен жүруге рұқсат етілген.

Жаяу жүргіншілерге арналған ереже

Жаяу жүргіншілерге қандай жағдайларда жүруге рұқсат етілмейді:

1. Жүргінгілерге жаяужол, жаяу жүргіншілер немесе велосипед жолағы, жолдың жиегі тұрған кезде жолдың жүріс бөлігінің шетімен жүруге болмайды.

2. Жолдың жүру бөлігінде, соның ішінде қарама-қарсы бағыт пен бағыттас ағынды бөліп тұратын көлденең жолдағы белгілерде аялдап, тоқтауға рұқсат етілмейді. Тек аялдауға болатын қауіпсіз бөліктерде ғана тоқтап тұруға болады.

3. Жолды жерасты, жер үсті немесе жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі болмаса кесіп өтуге болмайды. Әсіресе:

– көшені бөліп тұратын жолақ, аймақ болса;

– жолақтың жалпы саны алты немесе одан да көп болса;

– жол қоршаулары орнатылған болса, тек жерасты, жер үсті немесе жер үсті жаяу жүргіншілер өткелімен ғана өту керек.

4. Көшеде көлік немесе жолды көрсетпей тұрған басқа нысан тұрса, жақындап келе жатқан көлік құралдарының жоқтығына көз жеткізбестен, жолдың жүріс бөлігіне шығуға болмайды.

Ата-анарға арналған ереже

– Балаларға тек жол қозғалысы ережелерін сақтауды ғана емес, сондай-ақ ерте жастан бастап ол ережелерді оқып, бақылауға және үйренуге үйрету керек. Ата-аналар мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудың басты әдісі – балалардың ересектерді, ең алдымен ата-аналарды бақылап, соларға еліктейтінін ұмытпау керек. Көптеген ата-аналар мұны түсінбей, өздері балаларын дұрыс емес әрекетке үйретіп жатады.

– Жүргін бөлікте балаңызбен бірге болсаңыз, шапшаң емес, жолды өлшенген қадамдармен қиып өтіңіз. Әйтпесе, сіз қауіпсіздікті бақылап, қамтамасыз ететін жерлерде асығып жүруге үйреніп аласыз.

– Балаңызды алдыға жүгіртіп жіберіп, жолды өздігінен жүгіріп өтуіне жол бермеңіз. Себебі, ол жолда жан-жағына қарамай жүріп, соған дағдыланып алады. Сондықтан кішкентай баланы қолынан мықтылап ұстап өту керек. Өйткені, ол қолдан босанып шығуға тырысқан кезде, оны ұстап үлгересіз. Ал жазатайым оқиғалардың көбі осындай ережелерді сақтамағаннан болып жатады.

– Балаңызды жан-жаққа қарауға үйретіңіз. Балада жолаяқтан алғашқы қадам баспас бұрын басын бұрып, барлық бағыттағы жолды тексеретін, қатып қалған әдет болу керек. Ол автоматты түрде осылай әрекет етуге үйренуі тиіс.

– Баланы көлікті байқауға үйретіңіз. Кейде балалар алыстағы көлікті немесе мотоциклді байқамайды. Оған қашықтыққа қарауды үйретіңіз.

– Балаңызды көліктің қалай қозғалатынын, жылдамдығын және бағытын бағалауға үйретіңіз. Оларға қайсы көліктің тік жолақпен жүретінін және қайсысының бұрылайын деп жатқанын анықтауға үйретіңіз.

– Сондай-ақ, өзіңіз де ережені мұқият меңгеріп алыңыз. Және балаға кез-келген көлік түріне тек, ол тоқтап тұрған кезде ғана кіру және шығу керектігін үйретіңіз. Балаға көлік жүріп бара жатқанда неге секіріп мінуге немесе түсуге болмайтынын түсіндіріңіз.

















Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік

     Сабақтың мақсаты:Оқушылардыың жлда жүру ережесін меңгеру дағдысын қалыптастыру және іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету, сақтыққа үйрету.

     Сабақтың көрнекілігі: көше ережелерін сақтау тақырыбына арналған әр түрлі суреттер, жол белгілерінің суреттері,  бағдаршам макеті,”Жол ережесін білейік,аман есен жүрейік” атты қабырға газеті, жол тәртібіне арналып көрнекі жазылған ұрандар, жас автоинспектордың бас киімі мен   таяқшасы, фотосуреттерден жасалған стенд, жіңішке ұзын тілім қағаздар еденге жапсырылып, үлкен көше , жиекжол жасалады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Құрметті ұстаздар,оқушылар және қонақтар!

Бүгінгі  ,”Жол ережесін білейік,аман есен жүрейік”атты тәрбие сағатын тамашалауға қош келіпсіздер!Жол ережесін білу өмірімізді жазымнана сақтандырады.Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға керек.

1-оқушы.

Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің   жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа , басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.

2-оқушы.

Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолмен  жүр, көшеде тоқтап тұрған машинанаң қасынан абайлап өт.

3-оқушы

Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе,

Кідірме ,абыржып онда аса

Сенгейсің өзіңнің көзіңе

4-оқушы

Көшеде ортаға жеткенше

Әуелі көзің сал сол жаққа.

Балақай, ортадан өткен соң,

Мойның сал сол жақтан оң жаққа

5-оқушы

Ұшқалақ бала ұрыншақ,

Ойлылық керек ұғынсақ.

Машина алдын кеспесек

Майып боп уайым шекпесек.

6-оқушы

“Мен білем, бәрін  мен”деме

отырған жоқсың бөлмеде

Машина өтіп кеткенсін,

Жолаушы алға беттесін.

7-оқушы

Ұшқалақ бала ұрыншақ,

Ойлалық керек ұғынсақ.

Машина өтіп кеткесін,

Жолаушы алға беттесін

Шағын көрніс:Бірнеше оқушы көлік жүретін жолда бірін-біріқуып, велосипед теуіп ойнап жүреді,т  кенеттен машина келіп біреуін қағып кете жаздайды.

Мұғалім:-Балалар , кездейсоқ қазаға көбіне адамадар жол ережесін білмегеннен кейін тап болады.Сондықтан жол ережесін білуіміз және ережені сақтауымыз қажет.

8-оқушы

Асығыпты көшеде,

Жел болып ол ұшыпты.

Машинанаң астына 

Абайсызда түсіпті.

Өше қалған отындай

Жатыр бала сәл жанып,

Жүргізуші тұр дел-сал боп.

Жүзін қара тер жауып.


9-оқушы

Анасы кеп еңкілдеп,

Бала үстіне құлады.

Екі иығы селкілдеп,

Өксіп-өксіп жылады

Жыламасын аналар,

Жас ұландар өсе бер

Сақ болыңдар, балалар,

Сақ жүріңдер көшеде!

      Оқушыларды орындарынан тұрғызып, көшедегі “тілсіз” көрсеткіштерді қалай ұғынатындарын айтқызу, жол белгілері жайлы білімдерін тексеру.

а/жаяу өтетін жер

ә/жаяулар өтуге болмайтын жер

в/велосипедпен өтуге болмайтын жер

в/велосипедпен өтуге болатын жер

г/жолдар қиылысы

Осы сұрақтарға жауап алу кезінде “тілсіз”көрсеткіштердің  бояу түстерін ажырату дағдысын жетілдіру.

Викториналық сұрақтар беріледі.  

   Бағдаршам боп киінген бала:

Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе,

Кідірме , абыржып онда аса,

Сенгейсің өзіңнің көзіңе.

1-оқушы.Қызыл жарық жағылса, 

сақ ,абай бол барынша.

2-оқушы.Сары шамы жағылса,

Сақ , абай бол барынша.

3-оқушы.Жасыл жарық-жол ашық,

Зымырай бер,бел асып.

Бағдаршам.Бейғам кісі-бейбақ,

Болбыр,бейғам болма.

Бас аяқты ойлап,

Бол ұқыпты жолда.

Үш жарық қосылып:

Ирек-ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

    Сыныптан екі топ/алдын ала құрылған үйге тапсырма алған/ құрылады.Екі топ “Жолды реттеушілер”,”Велосипедшілер”,”Көңілді жолаушылар”,”саналы жүргізушілер”,”автобекет ” тақырыбы бойынша шағын көрініс ,әзіл өлеңдер айтып өнерлерін көрсетеді.Қай топтың басым түскенін көрермендер дауыс беру арқылы анықтайды, жеңімпаз  топқа сыйлық тапсырады.

   Сынып оқушылары саз әкенімен ортаға жиналады, хормен: ”Жол ережесін білейік,аман есен жүрейік”

    Тәрбие сағатының соңында жетекші сөз кезегін автоинспекторға береді.












Ел сенімін ақтаймыз,

Жол ережесін сақтаймыз!

    Мақсаты:1/Бағдаршам және оның қызметін ,жол ережесін түсіндіру.

2/оқушылардың белсенділігін арттыру ,ойлау қабілетін дамыту.

3/оқушыларды мейірімділікке ,бауырмалдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Түрлі суреттер, таңбалар, бағдаршам макеті.

    Өтіліу   барысы:

     Көрініс:Аңдар патшалығы.25-мамыр-Соңғы қоңырау.Мерекеге әзірленіп жатқан “аңдар”   мәз мейрам, мектептен қоштасқалы тұрған “жануарлар ” ересек өмірдің кілтін алуға даяр.тек жалқау тасбақа ғана ұйқыдан жаңа оянды.Табиғатынан сыйға алған жайбасарлығымен жолдан өтер сәтте тұтқиылдан ұшып келе жатқан көлікті байқамай қалады.Кенет... Уақыт төре өз билігін жүргізіп, жахан далада тыныштық орнайды, уақыт кілт тоқтайды.Тек таудай биік талабы бар ,оқып білім алған ,ел сенімін ақтауға Қоян мен Жолбарыс тілдесіп, шешімін табуға талпыныс жасайды.

Уақыт:Уа,жарандар,аман ба?

Көз салыңдар маған да!

Пайдаланып қалыңдар

Мен қымбатпын әманда!

Тірліктегі бақытпын,

Бірлікшілге шаттықпын!

Еселенген өмірді

Есептеген уақытпын!

Қоян:Дамыталық ойды,

Бәрімізге сыйлы.

Уақытты өкпелеткен,

Кім ол шектен кеткен.

Уақыт:Жалқау бала тасбақа,

Асықпайды ешқайда.

Жол тәртібін білмейді,

Ал достары үйретуді білмейді.

Жолбарыс:Қане ,досым ,тұралық,

Айтатын бір сырым бар.

Бағдаршамға баралық,

Мың сауалды қоялық.

Қоян:Көңілімнің хошын-ай,

Көп шәкірттің досындай

Ақ ниетті,кең пейіл

Бағдаршам ағай осындай.

Бағдаршам:Алтын сандық ашылды,

Ішінен шашу шашылды.

Мақсатшыл менің достарым.

Дамытар әркез ақылды.

Қоян:Түзеттіріп шалалықты,

Есейтіңіз балалықты,

Ойламайтын ертеңін

Ойсыз кейбір еркені

Түзетіп жөнге  салыңыз

Ел алғысын алыңыз.

Жолбарыс:Аңқылдаған аңдармыз,

Ақ көңілді жандармыз!

Салтанатты орманда

Сауық-сайран салғанбыз.

Бірақ жалқау тасбақа 

Кешікті бұл сайранға.

Жол тәртібін меңгермей,

Іліге қалыпты апатқа.

Уақыт төре –адал жан,

Көмекке келді сол шақта.

Тоқтатып жахан даланы,

Баланы аман ап қалды.

Маңызды бір шарт қылды.

Ережені білген соң,

Тасбақа мұны түсініп,

Қайта өмір жалғады.

Бағдаршам:Көргенмін,қырағымын.

Үш көзңм бар,үш сыншым.

Сақтап халық өмірін

Тәртіпті мен орнаттым.

Ортаға үш көмекшім,үш  сыншымды шақырамын, қайдасыңдар, достарым?

Қызыл көзі:Мен көзімді ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жүруге әлә болмайды,

Дайындықты сақтайды.

Сары көзі:Мен көзімді ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жүруге әлі болмайды.

Дайындықты сақтайды.

Жасыл көзі:Мен көзімді ашқанда,

Көліктер саған тоқтайды.

Ережені білгендер,

Өтуге еш қорықпайды.

Үш сыншы бірге:Жолды кесіп өтерде,

Сол жағыңа қарама.

Жарты ортаға келгенде.

Оң жағыңа қарайла.

Білгенді басқаға 

Үйрете жүр, жарай ма ?

Қоян мен жолбарыс:Тасбақаға барлығын

Түсіндіреміз, айтамыз.

Ережесін бұл жолдың

әрқашан біз сақтаймыз.

Бағдаршам:Ал,тыңдаңдар батамды,

Жаман істі кешпеңдер.

Ананың сүтін ақтаңдар,

Ар-ұятты сақтаңдар.

Жалқаулық жаудан жаман-ды,

Аңқау қып бұзар адамды.

Жеңіндер оны күреспен,

Жеңіске жетер бірлескен.

Достарым ,жол ережесін әрқашанда сақтап жүріңдер.

Уақыт:Ережені түсініп,

Тасбақаға ұқтырып,

Кең даланы оятып,

Сауық-сайранды орнатып,

Тіршілікті жандырғыларың келе ме? Онда менің жұмбағымжы шешіңдер.

Қоян:Кел, достарым, ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық.

Уақыт:Бұл арқылы өсесің,

Өнесің,Көгересің,

Жемісіңді де Көресің

Ол не?

Жолбарыс:Еңбек.

1)Еңбек етсең ерінбей,

тояды қарның тіленбей.

2)Еңбек-ырыстың бұлағы,

Бақыттың шырағы.

3)Еңбексіз өмір-тұл,

Ойсыз көңіл тұл.

4)Еңбекке ебі жоқтың,

Елдікке себі жоқ.

Қоян:1)Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ

2)ЕР тынысы-еңбек,

Ез тынысы-ермек.

3)Еңбектен қашпа,

Ырысыңды шашпа.

4)Еңбексіз ел кезгенің-

Ар ұяттан безгенің.

Уақыт:Өте тамаша!

Жұмбақтың шешімін таптыңдар.

Балаларым,балапандарым,

Мен күннен,гүлден нәр аламын,

Өздеріңмен көгеремін, көктеймін.

Мен-тіршілік иесімін,

Адамзаттың белгісімін.

Аңдар:”Ел сенімін ақтайды”

Деп үлкендер мақтайды.

Бағдаршамның әр сөзін

Көкейімізде сақтаймыз.

Жүргізуші:табиғат жанданып, қайта түлеп, аңдар патшалығында тіршілік жанады.Барлық “Жануарлар” бірге соң,ы қоңырау мерекесін тойлап, үлкен өмір есігін ашады.Сонымен бірге жол ережесін үнемі есте сақтап қалады.

Мұғалім: Жалпы жол беттері өздеріңнің атқаратын қызметтеріне қарай топқа бөлінеді.

1)Ақпараттық

2)Ескерту белгілері

3)Тыйым салатын белгілер.

4)Сервис белгілері

5)Алдын ала қиылатын белгілер

6)Басылымдылық белгілер

7)Жол таңбалары

Жаяу адамдардың міндеттері туралы не білесіңдер?

1.Жаяулар тротуардың немесе жаяу   жолдың оң жағымен, ал олар болмаса, жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруі тиіс.

   Елді –мекеннен тыс жерлерде жолдың шетімен немесе жиегімен жүріп келе жатқан көліктің жүрісіне қарама –қарсы жүру керек.

2.Жолдан тік бара жатқанда жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс.Көшеден өтпес  бұрын алдымен сол жаққа ,ал көшенің ортасы жеткенде оң жаққа қарау керек.

3.Жарқылдақ маягі және арнаулы дыбыс белгісі қосылған көлік жақындағанда жаяулар жолдан өтпелі тоса тұруы керек.

4.Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда,  жаяу адамдар үстіне жарық қайтарғыш тағып алу керек.

Жолаушылардың міндеттері туралы не білесіңдер?

1.Көліктерді тек қана отырғызу алаңдары ал жоқ болса тротуарда немесе жол жиегіне күтіп тұруға  рұқсат етіледі.

2.Жүргізушілерді себепсіз алаңдатпау керек.

3.Жүк көліктерінің кузовында   тұруға,борт қырына отыруына тыйым салынады.

   Дұрыс, көріністі көре , міндеттерді айта отырып біз бүгінгі негізгі ұғымдар мен терминдерді естідік.Олар мынадай ұғымдар “жүргізуші”,”жаяу адам”,”аялдама”,”тротуар”,”жаяулар өтпесі”,”жол.

Оқушылар өздерінің жұмбақтарын айтады.

1)Көше бойлап аяңдайды,

Адам тосып аялдайды.  (автобус)

2)Тақылдатып таңдайды,

Егінді тез жалмайды.

Дәнін берер тазалап,

Өзі түкте алмайды.   (Комбайн)


3)Ұзын өзен,

Суы жоқ.(Жол)


4)Қанаты бар қақпайды,

Аспанда тыным таппайды.(Трактор)


5(Гүрілдеп жүреді,

жердің бетін сүреді (трактор)


6)Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам. (Милиционер)


7)Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді? (ұшқыш)


8)Әкемнің тор тайы,

Май жалап, су ішсе,

Тоқтамай жортады.(машина)


Ән орындалады:

1.Көшеде біз сақ болайық,

қаймықпасын ата-ана.

Жолда сен бол лайық

Оқушылар атына.

              Қайырмасы:

2.Жолда жүру ережесін

Білгенің жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың

Сен өзіңді сау сақтап.

           Қайырмасы:

3.Бүгінгідей мерекеде

Болғанмен көп айтылар ән.

Ережені, кел екеуміз,

Жаттайық бір қайталап