2021-2022 оқу жылына әдістемелік жұмыстың жылдық талдауы » "Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 5-11-74
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылына әдістемелік жұмыстың жылдық талдауы
15
август
2022

2021-2022 оқу жылына әдістемелік жұмыстың жылдық талдауы

«Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

«Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


2021-2022 оқу жылына әдістемелік  жұмыстың жылдық талдауы


Білім беру модернизациясы – даму үрдісі және тұрақты алға ұмтылу, білім беруді біртіндеп жүзеге асыратын және алынған нәтижені нақты талдау және қолдау. Осы жағдайда қазақстандық қоғамның айқын проблемасы бәсекеге қабілетті, бүгінгі күні әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүрумен қатар, қазіргі кезеңде әсер етіп қана қоймай, оны жақсы жағына өзгеруге ықпал жасау арқылы тұлға қалыптастыру. Бұл жоспарда мұғалімге үлкен роль бөлінеді. Мұғалім мамандық өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеруі тиіс. Тек қана жоғары дәрежелі ішкі мотивациясы жоғары, сын тұрғыдағы тұлға ғана, өздігінен жоғары дәрежедегі маман қатарына жетуі мүмкін. Осы жетістікке жету үшін негізгі роль әдістемелік қызметке бөлінеді.

          Мектептің әдістемелік жұмысы келесі нормативтік-ақпараттық құжаттар негізінде жүзеге асырылды: «Білім туралы» ҚР Заңы, ҚР Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы», әдістемелік - нұсқау хаты, мектеп жарғысы, жылдық оқу-тәрбие жоспары.   

Педагогикалық ұжымның жұмысы төмендегі  мақсат пен міндеттерді шешуге бағытталған:

  • Мектептің әдістемелік тақырыбын анықтап, жұмыс жүргізу.
  • Жаңа мазмұңдағы оқу бағдарламасын  еңгізу барысында мұғалімдердің әдістемелік дайындығына назар аудару.
  •  Сыныпаралық сабақтастық және мұғалімдер арасындағы сабақтастық жұмыстарды   жетілдіру.
  • Әдістемелік  апталықтардың өтілу формасы мен мазмұңың өзгерту
  •  Авторлық бағдарламаларды дайындап, шығару.
  • Сабақты зерттеу бойынша жоспарын құрып, жұмыс жүргізу
  • Әдістемелік бірлестіктердің жұмысын белсендету
  • Тәлімгерлер мен жас мамандардың  жұмыстарын жүйелеу. Жұмысты қатаң бақылауға алу.
  • Инновациялық және ғылыми- зерттеу жұмыстарын, мұғалімдердің курстан өту, тәжірибе тарату жұмыстарын   бақылауға    алу.
  • Инновациялық және ғылыми- зерттеу жұмыстарын, мұғалімдердің курстан өту, тәжірибе тарату жұмыстарын   бақылауға    алу.

            Мектептің әдістемелік тақырыбы:  «Білім мазмұнын  жаңарту жағдайында цифрлық ресурстары арқылы оқушылардың білім алуына   жағдай жасау және жаңа форматтағы мұғалімнің бейнесін қалыптастыру».  Аталған тақырып  2019 жылғы 27 тамыз күні өткен №1 педагогикалық кеңесте бекітілді. Осы әдістемелік тақырып аясында атқарылған жұмыстың   үшінші кезеңі аяқталды. 

Тақырыпты жүзеге асыру үш кезеңге белгіленген:

  • 1 кезең - теориялық   – 2019-2020 оқу  жылы  
  • 2 кезең - практикалық - 2020-2021 оқу жылы
  • 3 кезең - қорытындылау - 2021-2022 оқу жылы  

       Мақсаты: Оқу тәрбие үрдісін инновациялық нұсқада ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру және педагогикалық шеберлігін дамыту.
         Міндеттері: Оқу және оқу - әдістемелік жұмыстардағы ғылыми жаңалықтарды енгізе отырып, әдістемелік іс – шараларды тиімді ұйымдастырып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру және шығармашылық іскерлігін жетілдіру. Мұғалімнің сапалы тәжірибесін насихаттау мен тарату. 
 
 

        2021 - 2022 оқу жылының басынан  40 мұғалім еңбек етті, оның ішінде 1 - педагог-психолог, 1 - дефектолог. Жоғары білімді – 38 мұғалім, арнаулы орта білімді - 2 мұғалім.  Педагогика ғылымдарының магистрлері - 2 мұғалім. 

Мектеп мұғалімдерінің біліктіліктері бойынша нәтиже төмендегідей: 

       Жалпы мектеп бойынша педагог-зерттеуші-2 /16,2%/,   педагог-сарапшы-8 /15,5%/, педагог-модератор-7 /24,8%/,  санаты жоқ – 15 /31%/, бірінші  санатты – 4, екінші санатты – 2, жоғары санатты – 2.

Оқу жылы

педагог-зерттеуші

Педагог-сарапшы

педагог-модератор

2020-2021

2

8

7

2021- 2022

2

8

7


Оқу жылы

Жоғары санат

Бірінші санат

Екінші санат

Санаты жоқ

2020-2021

0

4

2

2

2021- 2022

0

4

2

2


Оқу жылы 

2020-2021

2021 - 2022

Жоғары білімді

38

83

Педагогикалық орта білім 

2

2

Педагогика ғылымдарының магистрлері

2

2


Аттестация – педагогикалық біліктіліктің бір бөлігі. Ол мұғалімдердің шеберлігін шыңдап, шығармашылық белсенділігін арттырып, педагогикалық еңбектің жиынтығын көрсетеді. Мектеп мұғалімдерінің біліктілік мінездемесіне тоқталатын болсақ, 2021 – 2022 оқу жылында аттестаттаудан өтуге  барлығы 8 мұғалім өтініш беріп, келесі тізімдегі мұғалімдер    біліктіліктерін бекітті: 

        Жыл бойы мұғалімдер ПШО,  «Өрлеу» біліктіліктерді арттыру орталықтарынан  курстан өтті. Бірінші жартыжылдықта  мұғалімдердің   100% пайызы «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» біліктіліктерін арттыру курсынан өтіп сертификатталды. 9 мұғалім өз пәндері бойынша курстан өтіп сертификатталды. 17 мұғалімнің 5 –і www.bilimcenter.kz сайтында онлайн Халықаралық зерттеулер «PISA»  44 сағаттық курсын оқып, сертификатталды. 

        Мектептің әдістемелік тақырыбы аясында 4 әдістемелік бірлестік ауқымды жұмыс атқарды. Әдістемелік бірлестік жетекшілерімен жоспар бойынша 5  отырыс өткізілді. Әр отырыста  жұмыс барысы талқыланып, бірлестік жетекшілері тәжірибе алмасып отырды.

        Педагог – зерттеуші мұғалімдерден құрылған 1 шығармашылық топ «Іс-әрекетті зерттеу әдісі бойынша оқушының өз бетімен білім алу дағдысының қалыптасу нәтижесін зерттеу» тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әр тоқсанда білім сапасын төмен көрсеткен сыныптар бақылауға алынып, осы сыныптарда неліктен төмен сапа көрсеткені анықталып,  зерттеу жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстарының қорытындысы шығарылып, талдау жасалды. 

Озат тәжірибе тарату жұмыстары да  жоспар бойынша жүзеге асырылды. Мұғалімдердің іс-тәжірибелері ғылыми–практикалық конференция, ашық сабақтар,  семинарлар, вебинар, педагогикалық оқу,  тамыз педагогикалық кеңестерi, кәсіби байқаулар арқылы таратылды.

      Мектептің әдістемелік тақырыбы аясында ағымды оқу жылында мектептің оқу – тәрбие жоспарына сәйкес 1 аудандық деңгейіндегі семинар өткізілді. Дене шынықтыру пәнінің әдістемелік бірлестігі «Дене шынықтыру сабағында оқытудың жаңа технологияларын енгізудің тиімді жолдары» тақырыбында және қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі әдістемелік бірлестігі «Мені таңғалдырып көр! Удиви меня если сможешь! Impress me if you can!» атты аудандық семинар өткізді. Сонымен қатар, «Цифрлық технологияларды қолданудың негізі – мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру факторы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарларда көтерілген мәселелер шешімін тауып, мұғалімдер тәжірибе алмасып, семинарда қойылған мақсаттарға жете алды. 

Тақырыпты жүзеге асыру, іс-тәжірибе тарату жұмыстарында жіберілген кемшіліктер:

1.     Авторлық бағдарламаларды шығаратын мұғалімдердің саны әлі де төмен.

2.     Облыс, республика, халықаралық деңгейде іс тәжірибе бөлісу, тарату жұмысы жоқтың қасы. 

      Мектепте он әдістемелік бірлестік құрылған: қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі, орыс тілі мен әдебиеті бірлестігі, тарих, математика және информатика, жаратылыстану пәндер бірлестігі, эстетикалық пәндер бірлестігі, бастауыш сынып бірлестігі қ/б, о/б, шетел тілдер бірлестігі, дене шынықтыру бірлестігі. Бірлестіктердің  әдістемелік апталықтарды өткізу кестесі құрылып жүзеге асырылды. 4 бірлестіктің апталығы өтті. 

Апталық   барысында   сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, интеллектуалдық ойындар  ұйымдастырылды. Сабақ барысында тілдер пәні мұғалімдері   оқушылардың ауызекі сөйлеу  тілін қалыптастыру мақсатында  айтылым, тындалым,  оқылым, жазылым дағдыларын  жүзеге асырып, сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын тиімді қолдану жолдарын көрсетті. 

Апталықтар барысында  мұғалімдер   цифрлық технологияларды сабақтарында қолданып, оның мүмкіндіктерін көрсете білді. Мысалы, мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдету, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың жауаптарын дер кезде бағалау, уақытында кері байланыс орнату т.б.   цифрлық технологиялардың   мүмкіндіктерін  мұғалімдер көрсете білді. 

        Сонымен қатар, сабақ барысында  пән мұғалімдері оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын көрсетті. Пән мұғалімдері   сабақтарында практикалық тапсырмаларды ұйымдастырып, оқушылардың  білімдерін өмірмен байланыстыра білді.

Әдістемелік бірлестіктердің жұмысындағы  кемшіліктер:

  1. Апталықтардың өтілу формасы жаңартуды қажет етеді. 
  2. Апталықта кабинеттердің эстетикалық жабдықталуының қамтамасыз етілуі ескерілмеген. 
  3. Пән мұғалімдеріне   іс-тәжірибе тарату  жұмыстарын жоспарлап, жүзеге асырылуы қадағаланбады. 

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСТАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ 

          Шығармашылық зерттеу тобының негізгі міндеттері басшылыққа алынып, жаңа идеялар сынақтан өткізіліп, түрлі мәселелерді мұғалімдер бірлесіп шешу негізінде бірлескен жұмыс атқарылып келді. Соның нәтижесінде жыл сайын мектеп ұстаздары аудандық, облыстық және республикалық түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келді. Жұмыс нәтижесінің көрсеткіші төмендегідей:

1

Тайкенова Г.С

«Табысты басшы» 

Облыстық

1-орын


Әдістемелік кеңес отырысы тоқсанына 1 рет, жылына 5 рет өтті. Кеңес отырыстарының сұрақтарына тоқталатын болсақ,  маңызды мәселелер қозғалды деп айтуға болады. Кеңесте мұғалімдер іс –тәжірибелерімен бөлісіп, презентацияларын ұсынды. 

Сонымен қатар, әдістемелік кеңес отырыстарында пән апталықтардың, семинарлардың, аттестациядан өтетін мұғалімдердің жұмысы,  дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстардың және  пән олимпиадалардың  өтілу қорытындылары қаралды.

Мұғалімдердің  сабақтарына  қатысудың нәтижесі  бойынша    келесі қорытынды шығаруға болады:

  • Жаңартылған бағдарлама мазмұны бойынша өтілетін сабақтардың сапасы  әлі де төмен.
  • Сабақ мақсаты мен оқу мақсатын ажыратып, мақсатты тақырыпқа сәйкес нақтылап қоюды жетілдіру.
  •   Мұғалімдер әлі де жаңа педагогикалық  технологиялардың элементтерін  дұрыс қолдана алмайды. Теориялық білімдерін толықтыру қажет етеді.

2021-2022 оқу жылында дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстың талдауы

          - Мектептің міндеті оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызу, өз бетінше іздене алатын шәкірт дайындау. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен толықтырылып, мұғалімнің де дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру-мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру. Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістері:

  • Сауалнамалар, психолого-диагностикалық тренингтерді өткізу арқылы шығармашылық қабілетін анықтау;
  •  Ғылыми жоба жарыстарына, зияткерлік сайыс ойындарына қатыстыру, шығармашылық, спорттық ойындарға қатыстыру.
  • Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасына қатыстыру.

          Мектепішілік бақылаудағы маңызды саланың бірі  дарынды оқушылармен жұмыс. Бұл сұрақ мектепішілік бақылауда үнемі қарастырылады. Оны мектебімізде «Зерттеу» инновациялық тәсіл арқылы жүзеге асырамыз. 

2021 – 2022 оқу жылы

Аудандық кезең 

        5-6 сыныптар арасында өткізілген Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының мектепішілік кезеңге 30 оқушы қатысты, 5 оқушы 1-орынды иеленді, 7 оқушы 2-орынды иеленді, 10 оқушы жүлделі 3-орынды иеленді. Аудандық кезеңге 5 оқушы қатысты. 


            Аудандық Абай оқуларында көркемсөз мәнерлеп оқу номинациясынан жүлделі 2-орынды иеленді. Жетекшісі А.С. Бейсенова «Әнді сүйсең, менше сүй» номинациясында 10-сынып оқушысы Самарбекова 

  • Жалпы білім беретін пәндер бойынша қашықтық Білген Аламан Олимпиадасына 

Мектепшілік 1 кезең 32 оқушы

Аудандық 2 кезең 13 оқушы

  • Халықаралық деңгей:
  • Халықаралық «ПОНИ» олимпиадасы – 17 жүлделі орын.

Дарынды оқушылар жүргізілген жұмыстың кемшіліктері:

  1. Пән мұғалімдері олимпиада резервін дайындамау;
  2. Ғылыми жұмыстарға оқушыларды тартпау, жүйелі жұмыс жүргізбеу;
  3. Қашықтық байқаулардан басқа, Республикалық, халықаралық деңгейде жетістіктердің болмауы.
  4. Пән мұғалімдерінің дер кезінде дарынды оқушылардың тізімін анықтап бермеу нәтижесінде, мектеп психологтар тарапынана дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуінің өз деңгейінде болмауы. 


    Осы оқу жылында  әдістемелік жұмысты жүргізу барысында жіберілген кемшіліктерді ескере отырып келесі 2022-2023 оқу жылына  келесі міндеттер белгіленді:

  • Мектептің әдістемелік тақырыбын анықтап, тақырып бойынша   жұмысты жүйелі  жүргізу.
  • Білім беру мазмұнын жүзеге асыру барысында мұғалімдердің әдістемелік дайындығына назар аудару.
  •  Сыныпаралық сабақтастық және мұғалімдер арасындағы сабақтастық жұмыстарды   жетілдіру.
  • Әдістемелік  апталықтардың өтілу формасы мен мазмұнын өзгерту, эстетикалық талаптарға назар аудару.
  • Авторлық бағдарламаларды әзірлеу, бекітіп шығару, тәжірибе тарату.
  • Сабақты зерттеу бойынша жоспар құрып, жұмыс жүргізу.
  • Әдістемелік бірлестіктердің жұмысын белсендету.
  • Тәлімгерлер мен жас мамандардың  жұмыстарын жүйелеу. Қатаң бақылауға алу.
  • Дарынды оқушылармен жүйелі түрде жұмыс жүргізу.


         Қорытындылай келе айтатынымыз. Қазіргі заман талабына сай мектепке тек қана педагогикалық шеберлігі жоғары, өзінің іс-тәжірибесін сын тұрғысынан қарастырып, іске асыра алатын және сабақтарында ғылыми жетістіктерді қолдана алатын мұғалім қажет. Сондықтан әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, мектептің даму жоспарларында ең негізгі бағыт болып табылады. Әдістемелік жұмыстың ең негізі бұл – мектепте жалпыға бірдей сый құрметпен қарауға, әр адамның өзін-өзі өсіруіне ұжымдық және жеке алға ұмтылуына жағдай жасау.

       Біз жұмысымызда, мектепте психологиялық, педагогикалық карым-қатынастың жоғарғы дәрежесін құруға тырыстық. Яғни мектеп туралы бала және үлкен адам ойлағанда төмендегідей шешімге келсін: «Мектеп дегеніміз – бұл тек қана бала оқитын жер емес, бұл сен әрқашан да жақсы көретін, құрметтейтін, көмекке келе алатын, әр балаға төзімділікпен қарайтын, қиын да қызықты, көңілді және қуанышты мектеп».