«Адалдық сағаты» 1-11 сынып » "Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 5-11-74
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адалдық сағаты» 1-11 сынып
18
сентябрь
2023

«Адалдық сағаты» 1-11 сынып

«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша

 білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

       «Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Адалдық  сағаты»туралы

МӘЛІМЕТ


«Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023-2024 оқу жылының 18 қыркүйегінде «Асыл қасиет-адалдық, асыл міндет- адамдық» тақырыбында  адалдық сағаты өткізілді. Адалдық сағатының мақсаты өскелең ұрпаққа адалдық пен парасаттылық құндылықтарын  сіңіру,рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиені дамыту,сыбайлас-жемқорлықпен күресу. Іс-шараға Ақтүбек орта мектебінің педагог-психологі А.К.Алишева қатысып, оқушылармен ой бөлісті.

Адалдық сағаты оқушыларды оңтайлы моральдық қасиеттерді нығайтуға, сонымен қатар ішкі парасаттылыққа және адалдыққа тәрбиелеуге бағытталды. Оқушыларға адалдықтың таза ниет, ақ көңіл, имандылық қасиеттен туындаған адам бойындағы асыл құндылықтар екендігі айтылды. Әрқашан адал сөйлеп, шынайы пікір білдірген адам ғана адал бола алатыны айтылып, оқушыларды ар-ұждан тазалығына әділдікке шақырды.Сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары түсіндірілді. Сонымен қатар 8-11 сыныптар аралығында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.



                   Тәрбие ісі жөніндегі 

                   директордың орынбасары                         И.О.Бутинчинова