5-8 сынып оқушылар арасында «Тігінші өнер майталманы» сайысы » "Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 5-11-74
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5-8 сынып оқушылар арасында «Тігінші өнер майталманы» сайысы
27
февраль
2023

5-8 сынып оқушылар арасында «Тігінші өнер майталманы» сайысы

«Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Тігінші өнер майталманы»

сайысы


 Өтілетін күні:27.02.2023 жыл

 Өтілетін мерзімі: 15.00

 Өтілетін орны:АКТ залы

Сайыс аты: «Тігінші өнер майталманы»

Қатысушы топтар: 5-7  сынып оқушылары.



Фанфара:

1- Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тігінші өнер майталманы сайысына қош келдіңіздер! Он саусағынан бал тамған қыздарымыздың шеберліктеріне сөз жоқ екендігін дәлелдеуге бүгін   куә боласыздар. Олай болса тігінші өнер майталманы»атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!                                                      


2- жүргізуші: Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

                     Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,

                     Таныстырып өздерін өтсе деймін – Ортаға қатысушы       қыздарымызды шақырамыз.

Жол сілтеген биікке ұстаздарым

Ішімізден шығар әлі талай дарын.

Әділдікті ең алға мақсат еткен,

Таныстырайын әділқазы алқаларын, - демекші сайыскерлердің өнерлерін, білімдеріне және шеберліктеріне баға беруші әділқазылар мүшелерін таныстырып өтейін.


     Мүшелері:

      1.Әділ қазылар алқасының төрайымы мектеп директоры- Тайкенова Гүлнар Саяхатқызы

2.Оқу ісі жөніндегі орынбасары – Әбділдаев Алишер Мұратұлы

3.Мектеп психологі – Алишева Асылай Кокеновна

4.Педагог-ұйымдастырушы-Мусанов Асылан Мұратұлы



 1-сайыс. «Визит карточкасы»

 Әр команда өз командасының атын, ұранын, эмблемасын  таныстыру. 

Бұл сайыста қатысушылар өздерін таныстырып өтеді. Әділ- қазы алқасы сырт келбетімен, сөйлеу мәдениетіне қарай бағалайды.  5-10 балл аралығында. Әр топқа 3 мин беріледі


 

2-сайыс.  «Қиял ғажайып коллаж» сайысы

Алдарыңызда тұрған әр түрлі маталардан және моншақтардан, апликация әдісімен еркін тақырыпта мазмұнды коллаж  жасалынады өз қалауларыңызбен қиялдарыңызға байланысты 7 мин беріледі (5-10 ұпайға дейін беріледі ) 


3-сайыс  «Сиқырлы сандық»

1- Жүргізуші:Ортаға сиқырлы сандық шығарылсын. Қатысушы командалар ішінен жасырын тұрған заттарды алады. Сол заттарға байланысты белгілі бір тапсырмаларды орындайды. Қолдан әртүрлі  әшекей бұйымдарын жасайды (5- 10-ұпай) 10 мин беріледі.


1 -  жүргізуші: Сайыс заңы ежелден,

                          Жеңімпазды анықтау.

                          Жеңімпаз болу шарты сол,

                         Еңбектеніп жалықпау, дей келе бүгінгі сайысымызға қатысқан қыздарымыздың еңбектерін бағалаған әділ қазы алқаларына сөз берейік.

2 -  жүргізуші:    Сау болыңдар көргенше,

Қайта айналып келгенше.

Жиі келіп тұрыңдар,

Қоштасайық ендеше.