1-4 сынып оқушылары арасында «Қолөнер майталманы» сайысы » "Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 5-11-74
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-4 сынып оқушылары арасында «Қолөнер майталманы» сайысы
24
февраль
2023

1-4 сынып оқушылары арасында «Қолөнер майталманы» сайысы




«Қолөнер майталманы» сайысы 









Бекітемін

Мектеп  директоры

______Г.С.Тайкенова




«Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



«Қолөнер майталманы»

сайысы


 Өтілетін күні:24.02.2023 жыл

 Өтілетін мерзімі:14.00

 Өтілетін орны:АКТ залы

Сайыс аты: «Қолөнер майталманы»

Қатысушы топтар: 1-4  сынып оқушылары.


 Фанфара:

1- Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі қолөнер майталманы сайысына қош келдіңіздер! Он саусағынан бал тамған қыздарымыздың шеберліктеріне сөз жоқ екендігін дәлелдеуге бүгін тағы  куә боласыздар. Олай болса Қолөнер майталманы»атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!                                                      


2- жүргізуші: Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

                     Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,

                     Таныстырып өздерін өтсе деймін – 

Ортаға қатысушы қыздарымызды шақырамыз.

Жол сілтеген биікке ұстаздарым

Ішімізден шығар әлі талай дарын.

Әділдікті ең алға мақсат еткен,

Таныстырайын әділқазы алқаларын, - демекші сайыскерлердің өнерлерін, білімдеріне және шеберліктеріне баға беруші әділқазылар мүшелерін таныстырып өтейін.


     Мүшелері:

      1.Әділ қазылар алқасының төрайымы мектеп директоры- Тайкенова Гүлнар Саяхатқызы

2.Оқу ісі жөніндегі орынбасары – Әбділдаев Алишер Мұратұлы

3.Мектеп психологі – Алишева Асылай Кокеновна

4.Педагог-ұйымдастырушы-Мусанов Асылан Мұратұлы

     1-сайыс. «Визит карточкасы»

Әр команда өз командасының атын, ұранын, эмблемасын

таныстыру. 

1-Жүргізуші: Бұл сайыста қатысушы қыздарымыз өздерін таныстырып өтеді. Әділ- қазы алқасы сырт келбетімен, сөйлеу мәдениетіне қарай бағалайды. 5- 10 балл аралығында. Әр топқа 3 мин беріледі


2-сайыс.  «Сиқырлы әріптер» ойыны

Оқушыларға әріптер таратылады. Берілген әріптердің барлығын қолданып, мамандыққа байланысты сөз құрастыру керек (3 мин) 1 сөзге бір ұпай


3-сайыс Шебердің қолы алтын  (сурет қыйындыларын  құрастыру)

Сайыскерлер бұл кезеңде сурет қыйындыларын құрастыру қажет. Ескерілетін жағдай: Суретті дұрыс құрастыруы, жылдамдығы және шеберлігі.

 Сайыстың бұл бөлімі де 5-10 ұпай аралығында бағаланады.

1 -  жүргізуші: Сайыс заңы ежелден,

                          Жеңімпазды анықтау.

                          Жеңімпаз болу шарты сол,

                         Еңбектеніп жалықпау, 

дей келе бүгінгі сайысымызға қатысқан қыздарымыздың еңбектерін бағалаған әділ қазы алқаларына сөз берейік.

2 -  жүргізуші:    Сау болыңдар көргенше,

Қайта айналып келгенше.

Жиі келіп тұрыңдар,

Қоштасайық ендеше.