«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Буккроссинг – бірге оқимыз» атты іс-шара » "Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 5-11-74
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Буккроссинг – бірге оқимыз» атты іс-шара
19
январь
2023

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Буккроссинг – бірге оқимыз» атты іс-шара

«Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022-2023 оқу жылы


      16.01-20.01.2023ж. аралығында мектеп кітапханасы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Буккроссинг – бірге оқимыз» атты  іс-шара өткізілді.


Мақсаты:

Мектеп оқушылары мен мұғалімдердін  кітапқа  деген қызығушылығын  арттыру.

"Кітап дегеніміз – қоғам. Жақсы кітап, жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Иә, адамның қандай екенін оқыған кітаптары арқылы да айтып беруге болады, өйткені, сенің оқыған кітабың - сенің өмірлік ойың. «Буккроссинг» қазақшаға аударғанда «Кітап сыйлау» немесе кітаптың  айналыста  жүруі» деген  мағынаны  білдіреді.

Қазақстанда «Буккроссинг» акциясы  2005 жылдан  бастау алыпты.  Осыған орай мектебіміздің    кітапханашысы: Ж.А.Корабаеваның ұйымдастырумен мектепте оқушылары мен мұғалімдердің арасында  кітап  оқуға  деген қызығушылығын  арттыру мақсатында «Буккроссинг» акциясы өткізілді.  Аталмыш алмасу акциясына оқушылар өздерінің қалаған кітаптарын  алып  келіп, орнына  әкелген  кітаптарын бір-бірімен алмасты. Атап айтатын болсақ, бастауыш 1-4 сыныптар аралығында  «Мұны барлық балалар білу керек?», «Архимед», «Мысық патшайым», «Сиқыршы », ал ортаңғы 5-8 сыныптар аралығында «Қуандық Шолақов таңдамалы», «Хан мен ұры», «Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды?», «400 лучших сочинений», «Юрий Герман Наши знакомые», «1100  самых лучших сочинении» сияқты кітаптар болды.Бүгінгі технологиялар қаншалықты қарқынды дамып жатса да, әлем тарихының айнасына айналған миллиондаған ғылыми, әдеби туындыларсыз адамзат өмірін елестету мүмкін емес. Осы мақсатта жасалып отырған «Буккроссинг» акциясына біздің мектептің ұстаздары мен  оқушылары белсенді түрде қатысып, өз үлестерін қосты. Сондай -ақ,  балалар өзінің оқыған қызықты кітаптарын «Буккроссинг» сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөлісті.

Адамды адамзатқа айналдырған кітап  атты ұлы құдіреттің асыл қасиетін  барша   жұрттың  жүрегіне  тегіс жеткізе алсақ,  шынында да көп адам бақытқа кенелмей ме.

Кітап – адам баласының ақыл –ойынан туған , байлықты сақтап,оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын білім және тәрбие беретін құрал. Сондықтан біз кітапты қадірлейік, сақтайық, жансерігімізге айналдырайық.


                       Мектеп кітапханашы        Жанар Абдибалиқызы Корабаева