«Тазалық денсаулық кепілі», «Бит, сірке, қышыма» паразиттік сырқаттанушылықтың алдын-алу іс-шаралар » "Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 5-11-74
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тазалық денсаулық кепілі», «Бит, сірке, қышыма» паразиттік сырқаттанушылықтың алдын-алу іс-шаралар
29
март
2023

«Тазалық денсаулық кепілі», «Бит, сірке, қышыма» паразиттік сырқаттанушылықтың алдын-алу іс-шаралар

«Ақтүбек орта мектебінің мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Тазалық денсаулық кепілі», «Бит, сірке, қышыма» паразиттік сырқаттанушылықтың алдын-алу 

іс-шаралар туралы 

27.03.-29.03.20023 жылы

М Ә Л І М Е Т 


      Ақтүбек орта мектебінде «Жеке бас тазалығы», «Бит, сірке, қышыма» паразиттік сырқаттанушылықтың алдын-алу іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілген. Көктемгі демалыстан келген оқушыларға сүзгі жұмысы жүргізілді. Мектеп медбикесінде арнайы балалардың қышымаға, битке, және дермотомикозға тексеру журналы бар. Сондай-ақ мектептегі сүзгі жұмысын тіркеу журналы бар және жүргізілу жұмыстары орындалуда. 

Нәтижесінде:

        Оқушылардың жеке бас гигиенасының сақталуына байланысты, көктемгі демалыстан кейін 3 күн қатарынан сүзгі жүргізілді. Және әр 10 күнде сүзгі жұмыстары жүргізіліп отырады. Тазалық сақтау тәртібі санитарлық талаптарға сәйкес болуын қадағаланып отырылады. Алдын-алу мақсатында «Бит, сірке, қышыма» паразиттік сырқаттанушылықтың ауруының алдын-алу тақырыбына 0-11 сынып оқушыларына әңгіме жүргізіледі.   Сабаққа келмеген оқушылардың себебін уақытында анықталып, сынып жетекшісімен және ата-аналармен тығыз қарым қатынаста боламыз. Дәрігерлік амбулаториямен тығыз қатынаста боламыз. Анықталған оқушылардың ата- анасын ескертіп, баланың шашындағы паразиттердің толық жойылуын қадағалаймыз. Паразит толық жойылмайынша бала мектепке келмейді.     




                Орындаған мектеп медбикесі: Ш.Б.Стыбаева














Тазалық денсаулық кепілі

Биттер (педикулез)

Педикулез (биттеу)- кең таралған балалардың арасындағы паразиттік сырқаттанушылық,  педикулездің қоздырғышы – биттер. Биттерден жұғу жолы- битеген адаммен қарым-қатынаста болғанда.

Педикулез/биттеу/деген не?

Биттер – құртымдай жәндіктер, тері және киімде өмір сүреді. 

Педикулездің белгілері – биттің тістеген орнының қышуы және олардың жұмыртқалары мен биттердің болуы.

Биттердің 3 түрі бар:

-Бастың педикулезі (биттер шашата болады),

-Шап педикулезі (биттер шаптың шаштарында болады),

-Киім педикулезі (биттер адамдардың киімдерінде болады)

Биттер адамдарға бұрыннан белгілі. Египет және үнді мумиясынан құрғап қалған биттер табылған. Биттер туралы алғашқы мәліметтер Аристотельдің жұмыстарында (2,5 мың жыл бұрын) кездескен.

Қазіргі уақытта Еуропада педикулездің жоғарылауы балалар лагерлерден үйге қайтатын кезде күздің басында болады.

Шашта сірке болу – педикулездің белгісі.

Сіркелер тек бас және шап биттеріне тән болады.

Сіркелер – кішкене (2-3мм) жылтыр көпіршіктей болып шашқа жабысады.

Сіркелер тірі және өлі болады.

Бастың биттері көбіне әйелдермен қыздарда болады, себебі ұзын шашта аман қалу мүмкіндігі жоғары. Биттер тарақпен, шашқа арналған щеткалар арқылы жұғады. Адамнан адамға паразиттер жұғуы мүмкін. Бас биттері биік секіре алады және өте шапшаң болады.

Педикулездің басты белгілері: биттермен жұғу кезінен (педикулез), алғашқы белгіге дейін бірнеше апта өтуі мүмкін.

Педикулездің басты белгілері:

-Тері қышуы

-Бөтпе

-Қасып тастау

-Сіркенің болуы

Педикулезді анықтау үшін баста битпен сірке болуы керек.

Биттен қалай құтылуға болады.

Педикулезді емдеу кезінде сіркелерді және ересек биттерді толық жою керек.

Қазіргі уақытта дәріханаларда педикулезге қарсы препараттардың көп түрлері бар.

Тазалық денсаулық кепілі