Оқу әдістемелік жұмысының есебі » "Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 5-11-74
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
май
2022

Оқу әдістемелік жұмысының есебі

1. 2021-2022 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысына талдау


Оқу-тәрбие үрдісі


«Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік   мекемесінің  «Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  Мемлекеттік стандартқа сәйкес, қосымша бағдарламаларды жүзеге асыратын, жалпы орта білім беретін мектеп. 

Білім беру қызметі айналысуға 09.02.2021 жылы №KZ27LAA00022704   лицензия берілген.
         Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган  «Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі. 

Мемлекеттік мекеменің атауы мемлекеттік тілде: «Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік   мекемесінің  «Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі . Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Актубекская  средняя школа   с дошкольным миницентром»   государственного учреждения «Отдел образования по Алакольскому району Управления образования Алматинской области»

Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: 041216, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ақтүбек ауылы, Тастанбек көшесі, №44.  БСН/ЖСН 000240003556 

Мектепте «Білім Заңына» сай құжатталған үздіксіз білім беру жүйесі 6 жастан 18 жасқа дейін негізделген. Мемлекеттік құқықтардың орындалуына мектеп кепілдеме береді және ақысыз білім алудың мемлекеттік стандартының орындалуына ықпал жасайды. 

Мектеп  заңды  тұлға   мәртебесіне  ие,Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік   Елтаңбасы  бейнеленген  және    атауы   көрсетілген   дөңгелек   мөрі,  штампы  бар.

Мектепте  оқыту  білім   берудің  келесі  деңгейлерінен   тұрады: бастауыш білім  беруден, негізгі орта білім беруден, орта білім беруден. 

Оқыту тілі - қазақ және орыс тілдерінде.

Мектепте оқушыларға дәрігерлік қызмет көрсету  денсаулық сақтау басқармасы бекіткен талапқа сай жүргізіледі. Арнаулы медициналық білімді қызметкер, медициналық кабинет және медициналық құралдармен   жабдықталған. Медициналық қызметі айналысуға 28.05.2015 жылы №15010091  лицензия берілген. 

       Мектепте   2021-2022 оқу жылында барлығы 18 сынып комплектісі бекітілді. Оның ішінде:13-қазақ бөлімі, 5-орыс бөлімі, 2-мектепалды даярлық тобы бар. Мектепте барлығы 229 оқушы білім алды. Оның ішінде: 195-қазақ бөлімінде, 34-орыс бөлімінде оқытылады. 1-сыныпта  оқушы саны-24, оның ішінде: 17- қазақ бөлімінде, 7-орыс бөлімінде. 11-сыныпты бітірушілер саны-14, қазақ тілінде оқытылатын-14 оқушы. 2 мектепалды даярлық тобында қамтылған бала саны -  20 . Оның ішінде: қазақ бөлімі бойынша  15 бала, орыс бөлімінде 5 бала оқиды.       




І. Оқушылардың қозғалысы.

2021 - 2022 оқу жылының басын 229 оқушымен бастап (106 қыз), 236 оқушымен (104)  аяқтадық. 

2021-2022 оқу жылың   оқушылар қозғалысының есебі бойынша:

1-4 сыныпта – 97\41 оқушы

5-9 сыныпта – 105\48 оқушы

10-11 сыныпта – 34\15 оқушы

Келген оқушылар: жаз  бойы келген оқушы 6 (6 қыз).  

Кеткен оқушылар: Жаз бойы кеткен оқушы 14 (3 қыз).  

ІІ. Оқу үрдісінің қорытындысы.

Мектептегі сабақ өткізу жүйесі МАД, 1-11 сыныптарда І-ауысымда жүргізілді. 

І тоқсанның қорытындысы бойынша білім сапасы – 57,6%, үлгерім-100%. 

Үздіктер саны-45\29 қыз. Екпінділер-73\31


2020-2021 жж 

І-тоқсан

ІІ-тоқсан

ІІІ-тоқсан

ІV-тоқсан

жыл

айырымы

үлгерімі

1-4 

61,1

47,9

65,7

46,1

61,1

61,1

-

100%

5-9

50,5

51,9

50,4

50,7

50,5

50,5

-

100%

10-11

66,7

61,3

63,6

64,5

66,7

60,3

-6

100%

Мектеп бойынша

61,8

57,6

57,5

62,1

61,8

55,9

-6,1

100%









Орта есеппен мектепішілік деңгейден төмен көрсеткен сыныптар:

Сынып

Оқушы саны

Қызы 

Үздіктер 

Екпінділер

Орташалар

Барлығы

саны

қызы

саны

қызы

саны

қызы

сапасы

үлгерімі

2-сынып (орыс)

5

1

0

0

2

1

3

0

40%

100%

5-сынып (қаз)

19

8

4

2

6

3

9

3

52,6%

100%

5-сынып (орыс)

5

2

0

0

1

1

4

1

20%

100%

7-сынып (қаз)

18

4

2

2

5

1

10

1

41,2%

100%

7-сынып (орыс)

4

2

0

0

1

1

3

1

25%

100%

8-сынып (қазақ)

13

5

2

1

4

2

7

2

46,2%

100%

9-сынып (орыс)

10

7

1

1

3

3

6

3

40%

100%

10-сынып (қазақ) ЖМБ

13

5

0

0

5

2

8

3

38,5%

100%

Мектепішілік деңгейде және жоғары көрсеткен сыныптар:

Сынып

Оқушы саны

Қызы 

Үздіктер 

Екпінділер

Орташалар

Барлығы

саны

қызы

саны

қызы

саны

қызы

сапасы

үлгерімі

2-сынып (қаз)

25

10

7

4

8

3

10

3

60%

100%

3-сынып (қаз)

20

10

7

5

7

4

6

1

70%

100%

4-сынып (қаз)

22

5

8

2

5

1

9

2

59,1%

100%

6-сынып (қаз)

13

6

5

4

4

1

4

1

69,2%

100%

6-сынып (орыс)

3

2

0

0

2

1

1

1

67%

100%

9-сынып (қаз)

20

12

3

3

10

8

7

1

65%

100%

10-сынып (қаз)ҚГБ

7

4

0

0

5

3

2

1

71,4%

100%

11-сынып (қаз)ЖМБ

6

2

1

1

3

1

2

0

66,7%

100%

11-сынып (қаз)ҚГБ

8

4

2

2

5

2

1

0

87%

100%

Оқу озаттарын сараптайтын болсақ:


Жылдың басында 

Жылдың аяғында

айырымы

үлгерімі

1-4 

20

22

+2

100%

5-9

21

17

-4

100%

10-11

6

3

-3

100%

Мектеп бойынша

47

42

-5

100%

Оқу екпінділерін сараптайтын болсақ:


Жылдың басында 

Жылдың аяғында

айырымы

үлгерімі

1-4 

21

22

+1

100%

5-9

39

36

-3

100%

10-11

14

18

+4

100%

Мектеп бойынша

74

76

+2

100%


Бір пәннен «3» бағаға қорытылған оқушылар

р/с

Оқушының аты-жөні

Сыныбы 

Пәні 

Пән мұғалімі 

1

0

0

0

0

Бір пәннен «4» бағаға қорытылған оқушылар

р/с

Оқушының аты-жөні

Сыныбы 

Пәні 

Пән мұғалімі 

1

0

0

0

0


Мектептің білім сапасынан төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптардың сынып жетекшілері ата-аналар арасында тығыз байланыс орната отырып, білім сапасын арттыру бойынша іс-шарала жоспарлау жасау қажет.


ІІІ. Негізгі пәндер бойынша сараптамалық талдау.

р/с

Пәндер 

Ж 

1-тоқсан

+/- 

2-тоқсан 

+/- 

3-тоқсан 

+/- 

4-тоқсан 

+/- 

Ж 

1

Қазақ тілі к/б 

о/б


65

59



68

54


+3

-5


70

54


+2

-


69

54


-1

-


69

54


-

-


69

54

2

Орыс тілі к/б

о/б


78

59


67

48


-11

-11


69

51


+2

+3


69

54


-

+3


69

54


-

-


69

54

3

Ағылшын тілі 

68,7

64,4

-4,3

65

+0,6

66,7

+1,7

66,7

-

66,7

4

Математика 

64

63

-1

63

-

65

+2

65

-

65

5

Физика 

66,2

56,8

9,4

66,3

+9,5

65,9

-0,4

65,9

-

65,9

6

Химия 

65

58

-7

58

-

61

+3

61

-

61

7

Биология 

74,1

66,7

-7,4

69,1

+2,4

67,5

-1,6

67,5

-

67,5

8

География 

76,4

65,9

-10,5

70,1

+4,2

67

-3,1

67

-

67

9

Қазақстан тарихы

67

67

-

67

-

67

-

67

-

67


Қорытынды: негізгі пәндер бойынша сапаны өткен IV тоқсан қорытындысымен салыстыратын болсақ айырмашылық жоқ. Сапаны көтеру үшін пән мұғалімдеріне төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптарда білім сапасын көтеруге арналған жаңа оқу жылына іс-шара жоспарлау қажет.


Қ/б қазақ тілі пәні бойынша тоқсандық білім сапасы-68%

Осы деңгейден төмен көрсеткен сыныптар:

  1. 4а сыныбы -64% пән мұғалімі Г.Нурпеисова  
  2. 5а сыныбы -63% пән мұғалімі Э. Омарова   
  3. 6а сыныбы -62% пән мұғалімі А. Ерболова   
  4. 7а сыныбы -50% пән мұғалімі А. Ерболова   

 

Осы деңгейден жоғары   көрсеткен сыныптар: 

  1. 2а сыныбы -78,9% пән мұғалімі Ш.Нурпеисова    
  2. 4а сыныбы -76,4% пән мұғалімі Э.Касенова     
  3. 8а сыныбы -75% пән мұғалімі Т.Бурганбаева  
  4. 10в сыныбы -80% пән мұғалімі Э.Омарова 
  5. 11в сыныбы -100% пән мұғалімі Э.Омарова 

Қ /б орыс тілі пәні бойынша тоқсандық білім сапасы-70%

Осы деңгейден төмен көрсеткен сыныптар:

  1. 2а сыныбы -64%пән мұғалімі Е.Мусафметова  
  2. 4а сыныбы -68%  пән мұғалімі Г. Тайкенова
  3. 6а сыныбы -69%пән мұғалімі А. Алибекова 
  4. 7а сыныбы -50%пән мұғалімі А.Алибекова 
  5. 8а сыныбы -62%пән мұғалімі А.Алибекова 
  6. 10а сыныбы -75%пән мұғалімі А.Алибекова 

 



Осы деңгейден жоғары көрсеткен сыныптар:

  1. 3а сыныбы -70 % пән мұғалімі Е.Мусафметова  
  2. 5а сыныбы -74%пән мұғалімі А.Алибекова
  3. 9а сыныбы -85%пән мұғалімі А.Алибекова
  4. 11а сыныбы -93%пән мұғалімі А.Алибекова 


Ағылшын тілі пәні бойынша тоқсандық білім сапасы-70%

Осы деңгейден төмен көрсеткен сыныптар:

  1. 3а сыныбы-60% пән мұғалімі С.Изтелеуова
  2. 6а сыныбы-60,7% пән мұғалімі А.Туячиева
  3. 6б сыныбы-50% пән мұғалімі А.Туячиева 
  4. 6-7б сыныбы-50% пән мұғалімі А.Туячиева
  5. 9а сыныбы-63,1% пән мұғалімі С.Изтелеуова 
  6. 9б сыныбы-33,9% пән мұғалімі С.Изтелеуова
  7. 10а сыныбы-66,6% пән мұғалімі С.Изтелеуова 

8.    7а сыныбы-63,6% пән мұғалімі А.Туячиева

 


Осы деңгейден жоғары көрсеткен сыныптар:

  1. 2а сыныбы-78,9% пән мұғалімі Э.Омарова
  2. 3а сыныбы-77,7% пән мұғалімі С.Изтелеуова
  3. 4а сыныбы-70% пән мұғалімі А.Туячиева
  4. 5а сыныбы-86,6% пән мұғалімі С.Изтелеуова
  5. 8а сыныбы-70% пән мұғалімі А.Туячиева
  6. 10в сыныбы-80% пән мұғалімі С.Изтелеуова 
  7. 11в сыныбы-100% пән мұғалімі С.Изтелеуова 


Математика пәні бойынша тоқсандық білім сапасы-66%

Осы деңгейден төмен көрсеткен сыныптар: 

  1. 3а сыныбы -63% пән мұғалімі Ш.Нурпеисова
  2. 5б сыныбы-60% пән мұғалімі А. Мырзагулова 

3.6а сыныбы-52,9% пән мұғалімі А.Бактыгаимова

  1. 6-7б сыныбы-50% пән мұғалімі А. Мырзагулова
  2. 7а сыныбы-54,5% пән мұғалімі А.Бактыгаимова
  3. 9а сыныбы-63% пән мұғалімі Л.Смаханова
  4. 9б сыныбы-40% пән мұғалімі Л.Смаханова
  5. 8а сыныбы-65% пән мұғалімі Л.Смаханова 

 

Осы деңгейден жоғары көрсеткен сыныптар:

  1. 2а сыныбы -78,9%пән мұғалімі Д. Дулыханова 
  2. 4а сыныбы -76,4%пән мұғалімі Г. Нурпейсова

3.      5а сыныбы-76,9% пән мұғалімі А. Мырзагулова

4.      10а сыныбы-66,7% пән мұғалімі А. Мырзагулова

5.      10в сыныбы-80% пән мұғалімі А.Бактыгаимова

  1. 11в сыныбы-80% пән мұғалімі А.Бактыгаимова


Физика пәні бойынша тоқсандық білім сапасы-55,56%

Осы деңгейден төмен көрсеткен сыныптар: 

  1. 7а сыныбы -44% пән мұғалімі Ж. Калиева
  2. 8а сыныбы -46% пән мұғалімі Л.Смаханова
  3. 9б сыныбы -40% пән мұғалімі Л.Смаханова

 

Осы денгейден жоғары көрсеткен сыныптар:

  1. 7б сыныбы -75% пән мұғалімі Қ.Ыдырысова
  2. 9а сыныбы -65% пән мұғалімі Қ.Ыдырысова
  3. 10а сыныбы -60% пән мұғалімі Л.Смаханова




Химия пәні бойынша тоқсандық білім сапасы-58%

Осы деңгейден төмен көрсеткен сыныптар:

  1. 7а сыныбы -56%  пән мұғалімі Қ.Ахат 

2.8а сыныбы -54%  пән мұғалімі Қ.Ахат 

3.10а сыныбы -55%  пән мұғалімі Қ.Ахат 

  1. 9б сыныбы -50%  пән мұғалімі Қ.Ахат 

 

Осы деңгейден жоғары  көрсеткен сыныптар:

  1. 7б сыныбы -75%  пән мұғалімі Қ.Ахат
  2. 9а сыныбы -65% пән мұғалімі Қ.Ахат
  3. 11а сыныбы -67%  пән мұғалімі Қ.Ахат 



Биология пәні бойынша тоқсандық білім сапасы-72%

Осы деңгейден төмен көрсеткен сыныптар:

1.    7а сыныбы -61% пән мұғалімі Б.Нусипов 

2.    8а сыныбы -54% пән мұғалімі Б.Нусипов 

3.    9б сыныбы -50% пән мұғалімі Б.Нусипов 

4.    9а сыныбы -70% пән мұғалімі Б.Нусипов 

5.    10а сыныбы -70% пән мұғалімі Б.Нусипов 

 





Осы деңгейден жоғары  көрсеткен сыныптар:

  1. 11а сыныбы-83%  пән мұғалімі Б.Нусипов


География  бойынша тоқсандық білім сапасы-69,9%

Осы деңгейден төмен көрсеткен сыныптар:

  1. 9б сыныбы -66,6%  пән мұғалімі И.Бутинчинова  
  2. 6б сыныбы -50%  пән мұғалімі Б.Айтманова
  3. 7а сыныбы -54%  пән мұғалімі Б.Айтманова
  4. 11а сыныбы -66%  пән мұғалімі Б.Айтманова
  5. 11б сыныбы -50%  пән мұғалімі Б.Айтманова

 

Осы деңгейден жоғары  көрсеткен сыныптар:

  1. 5а сыныбы -85%  пән мұғалімі Қ.Ахат
  2. 9а сыныбы -78%  пән мұғалімі И.Бутинчинова
  3. 5-6б сыныбы -75%  пән мұғалімі Б.Айтманова
  4. 8а сыныбы -65%  пән мұғалімі Б.Айтманова
  5. 11в сыныбы -100%  пән мұғалімі Б.Айтманова


Қазақстан тарихы пәні бойынша тоқсадық білім сапасы-67%

Осы деңгейден төмен көрсеткен сыныптар:

  1. 6а сыныбы-64,7%  пән мұғалімі А.Байзакова
  2. 7а сыныбы-54,5% пән мұғалімі А.Онумбаева 
  3. 9а сыныбы -63%  пән мұғалімі А.Онумбаева
  4. 9б сыныбы -50% пән мұғалімі А.Байзакова 
  5. 10а сыныбы -66,6%  пән мұғалімі А.Нусипов 
  6. 11а сыныбы -50%  пән мұғалімі А.Нусипов 
  7. 11б сыныбы -50%  пән мұғалімі А.Нусипов 

 

Осы деңгейден жоғары көрсеткен сыныптар:

1.5а сыныбы-76% пән мұғалімі А.Нусипов

2.5б сыныбы-75% пән мұғалімі А.Нусипов

3.8а сыныбы-75% пән мұғалімі А.Байзакова

  1. 10в сыныбы -80%  пән мұғалімі А.Нусипов 
  2. 11в сыныбы -80%  пән мұғалімі А.Нусипов 

Қорытынды:  негізгі пәндер бойынша сапаны өткен тоқсандар қорытындысымен салыстыратын болсақ айырмашылық бар. Пән мұғалімдеріне төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптарда білім сапасын көтеруге арналған жаңа оқу жылына іс-шара жоспарлау қажет.

Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес мектеп директорының 05.01.2022 жылғы №4-5-Ө бұйрығы негізінде қаңтар айының 11-15 күндері аралығында І жартыжылдық бойынша білім сапасын зерделеу негізінде әкімшілік бақылау жүргізілді. 





             2021-2022 оқу жылында шығармашылық топтары БЖБ және ТЖБ дайындап, өз білімін көтеру курсынан өткен мұғалімдер нәтижелі жұмыс жасалды. Шығармашылық топтын мақсаты сапалы ТЖБ тапсырмалары құрастырылуын қамтамасыз ету болды. 

             2022-2023оқу жылында шығармашылық топ жұмыстарын жалғастырды. 

             Құрамы: Е.С. Демеубаева- қазақ тілі пәні мұғалімі. Мекишева С- қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі. 

             С.Б. Изтелеуова – шет тілі пәні мұғалімі. 

             Қ. Ахат –химия пәні мұғалімі. 

             Э.Н. Касенова – бастауыш сынып мұғалімі. 

             Ш.Ж. Нурпейсова – бастауыш сынып мұғалімі. 

             Ұсыныс: 1. Оқушылардың білімін жүйелі тексеру. 2. Үнемі жұмыс істеуге баулу, оқушы білімінің тиянақтылығын, тереңдігін арттыру. 3. Оқушылардың жеке шығармашылығын дамыту үшін ұстаз өз шығармашылығын көтеру, іздену. 4. оқушының ойлау жүйесінің дамуына болжау жасау, білім берудің өзгеше әдіс-тәсілдерін енгізу. 5. Бағдарлама бойынша дифференциалдап оқыту, сабақ барысына проблемалы әдісті қолдана білу, сабақтың әр бойында барлық оқушылардың толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қайталау жұмыстарын шебер ұйымдастыра білу, сабақ барысында әрбір оқушының ерекшеліктерін ескере отыру.

Негізгі және орта мектепті бітіру туралы қорытынды және мектеп түлектеріне аттестат тапсыру туралы 

Мектеп директорының 2021-2022 оқу жылының аяқталу және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы 27.04.2022 жылғы № 40-Ө бұйрығының негізінде 9, 11 сынып оқушылары қорытынды аттестаттаудан өтті. Қорытынды аттестаттау күндері және қосымша дайындық сабақтары ұйымдастырлып, кестесі бекітілді.

 9-сынып барлығы 30 білім алушы: оның ішінде 20-қазақ бөлімінде, 10-орыс бөлімінде тапсырып «Негізгі орта білім туралы аттестат» алды, қазақ   бөлімінен 3-білім алушы Мұратқызы Аяулым, Жармухамбет Айым, Талғатқызы Аружан, орыс бөлімінен Дутпаева Жанна  «Үздік» аттестат иеленді. 

11-сынып бітіруші түлектер саны – 14, 6-түлек жаратылыстану - математикалық бағытта қазақ бөлімінде, 8-түлек қоғамдық – гуманитарлық бағытта қазақ бөлімінде және 6-түлек   жаратылыстану - математикалық бағытта орыс бөлімінде оқытылып, қорытынды аттестаттаудан өтті. Жыл бойында «Алтын белгіге» үміткер болған Кожибай Әдемі, Саятқызы Аружан, Касым Арайлым білімдерін дәлелдеп, «Алтын белгі» төс белгісі иегері атанды. иеленді. Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру барысында кезекшілік ұйымдастырылып, кабинеттер арнайы безендірілді. Санитарлық – эпидемиологиялық талаптар толықтай сақталды. 

2021-2022 оқу жылындағы 14 түлекке толық «Жалпы орта білім туралы аттестат» және қосымшалары 14-маусым күні табысталды. 

Мектеп директорының 23.05.2022 жылғы №50-Ө негізгі орта білім туралы және жалпы орта білім туралы аттестат толтыруға жауапты мұғалімдерді бекіту бұйрығы бойынша аттестат толтырылды. 

Әдістемелік жұмысы

Мектептің әдістемелік кеңесі оның ғылыми-әдістемелік қызметінің басты бөлімшесі болып табылады. Ол инновациялық саясатты құрастыру, мектептің даму стратегиясын анықтау мақсатында шығармашылық, зерттеу қызметіне мүдделі педагогтарды, ғылым өкілдерін және оқушыларды біріктіреді. Әдістемелік кеңес олардың күшін үйлестіреді, біріктіреді, білімді құрастыру және дамыту, оны тиісті бағдарламалық-әдістемелік ресурспен қамтамасыз етуге бағыттайды. 

Мектептегі шығармашылық топ жетекшісі ретінде жұмыстың жоспарлы түрде орындалуын қамту, жұмысты жүйелі, нәтижелі ұйымдасуын қадағалау, тәжірибеде пайдалану мақсатында мұғалімдермен кәсіби әңгіме жүргізу, әңгімелесу, сабаққа қатысу,сұхбаттасу жұмыстарын жүргізілген. Жаңа әдіс тәсілдерді енгізу кезеңінде көптеген қиындықтар кездесті. Себебі, қалыптасқан дәстүрлі тәртіпті өзгерту оңай емес екені белгілі. Осыған қарамастан жаңаша оқыту мен оқудың теориялық негіздерін игере отырып, мұғалімдер де өз тарапынан бұл өзгерісті қабылдауға біртіндеп бейімделе бастады.Жоспарланған жұмыстар,коучингтер,тренингтер,семинар практикумдар т.б. жұмыстар жоспар бойынша жүйелі түрде жүргізілуі орташа деңгейде. Жоғарыда көрсетілген ескертуді ескере отырып шығармашылық топтың жұмысын бақылауға алуды ұсынылады.

Бастауыш сынып ӘБ Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі- оқушыны білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Мектептегі бастауыш оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары-баланың білім игеру кезіндегі ойлау қабілетін қалыптастыру сол арқылы таным әрекетін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді.

Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің, шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Мектепте бастауыш сынып әдістеме бірлестігінде 7 мұғалім қызмет етеді. 2021-2022 оқу жылында жоспар бойынша жұмыс жүйелі жүргізілген, алайда аудан, облыс көлемінде жетістіктер жоқ. Жоғарыда көрсетілген ескертулерді негізге ала отыра бақылауға алу ұсынылады. 

Жыл бойы мұғалімдер ПШО, «Өрлеу» біліктіліктерді арттыру орталықтарынан курстан өтті. Курстан өтіп келген мұғалімдер тәжірибелерімен бөлісіп, есептерін беріп отырды. Мектепте 4 әдістемелік бірлестік ауқымды жұмыс атқарды. Бірлестіктер жұмысының мазмұны алуан түрлі, олар оқу – тәрбие үрдісінің деңгейін оқушылар білімінің сапасын көтеру, өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жолдарын жетілдіру, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату мәселелерін қызу талдайды. Сондай-ақ пән бірлестіктерінде жаңа буын оқулықтары мен бағдарламалардың тәжірибелік нұсқаларын зерттеп, талқылайды. Бірлестіктердің әрқайсысы өз құзыры шегіндегі пәндер бойынша түрлі шығармашылық бақылау жұмыстары мен деңгейлік тапсырмаларды жасап құрастырып, оның тиімділігін өз іс-тәжірибелері барысында сынап тексеруде. Әдістемелік бірлестікте жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру, оны мектеп ішінде кеңірек тарату жұмыстары міндетті түрде іске асырылуы тиіс жұмыстары болып табылады. Әдістемелік пән бірлестігінің жұмысы бір оқу жылына жоспарланады. 4 бірлестіктің жетекшісі, мүшелері мен хатшысы бар. Жылына 5 рет отырыс өткізіліп, хаттамалары жазылды. Отырыстарда оқыту мен тәрбиенің түрлі өзекті мәселелерін талқылайды, зерттейді, мәселені шешу жолдарын анықтайды, мектеп әдістемелік және педагогикалық кеңестеріне, әкімшілікке ұсыныстар жасап отырады. Мәселен оларға оқыту мен тәрбиенің үрдісінің деңгейін көтеру мақсатындағы сабақты талдау, озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, ендіру, дәстүрлі емес сабақ құрылымдарын олардың тиімділік дәрежесін анықтау, оқытудың әдіс-тәсілдерін белсендіру жолдарын, сабақты бақылау формаларын талдады. Бірлестіктердің әдістемелік апталықтарды өткізу кестесі құрылып жүзеге асырылды. 9 бірлестіктің апталығы өтті. Апталық барысында сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылды. Сабақ барысында тілдер пәні мұғалімдері оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру мақсатында айтылым, тындалым, оқылым, жазылым дағдыларын жүзеге асырып, сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын тиімді қолдану жолдарын көрсетті. Апталықтар барысында мұғалімдер цифрлық технологияларды сабақтарында қолданып, оның мүмкіндіктерін көрсете білді. Сонымен қатар, сабақ барысында пән мұғалімдері оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында интербелсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын көрсетті. Пән мұғалімдері сабақтарында практикалық тапсырмаларды ұйымдастырып, оқушылардың білімдерін өмірмен байланыстыра білді.Атап айтсақ, қазақ тілі мен әдебиеті, математика, орыс тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып орыс бөлімі бірлестіктердің апталықтары жоғары дәрежеде, ұйымшылдықпен өтті. Әдістемелік бірлестіктердің жұмысындағы кемшіліктер: 1. Апталықтардың өтілу формасы жаңартуды қажет етеді. 2. Апталықта кабинеттердің эстетикалық жабдықталуының қамтамасыз етілуі ескерілмеген. 3. Пән мұғалімдеріне іс-тәжірибе тарату жұмыстарын жоспарлап, жүзеге асырылуы қадағаланбады. 

            Мектептегі ғылыми - әдістемелік кеңес  мектептегі жұмысты жүйелі ұйымдастыруды жүзеге асырады. Ғылыми - әдістемелік қызмет – оқу тәрбие жұмысының әдіс тәсілдерін игеру, оқу үрдісін ұйымдастыру мен қамтамасыз етудің неғұрлым оңтайлы және тиімді жаңа формасы мен әдістерін іздеп табу, оларды оқу және тәрбие үрдісінде шығармашылықпен қолдану мақсаттарын көздейтін мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің басқаруымен өткізілетін іс – шараларды көрсететін педагогикалық әрекеттің негізгі түрі.

2021-2022 оқу жылының   әдістемелік жұмыстың өзекті мәселесі: «Оқу үрдісін сапалы ұйымдастыруда педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланып білім сапасын арттыру»

     Жаңа білім және ақпараттық технологияларды меңгерген, оқушыларға жан-жақты білім беретін мұғалімдерді дайындау мақсатында жұмыс жүргізіп, алдымызға төмендегі міндеттерді қойдық:

1. ПБ жұмыстарын ұйымдастыру, көрсету;

2. Мұғалімдердің үздіксіз білімін жетілдіруге ықпал ету;

3. Педагогика саласындағы жаңалықты оқып үйренуі; 

4. Жаңа білім және ақпараттық технологияларын оқып үйрену;

5. Мұғалімдердің дайындық курсынан уақытылы өтулеріне жағдай туғызу;

6. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге  әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибелерін анықтау, тарату; 

7. Семинарлар, онкүндіктер мен конференцияларда, инновациялық бағытта жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету. 

Мектепте 4 бірлестік құрылып, жетекшілері бекітілді. 

1. «Қоғамдық-гуманитарлық» пәндер бірлестігі, жетекшісі: Изтелеуова С.Б.

2. «Жаратылыстану-математикалық» пәндер бірлестігі, жетекшісі: Бактыгаимова А.К.

3. «Бастауыш сынып» пәндер бірлестігі, жетекшісі: Мусафметова Е.Т.

4. «Политехникалық» пән бірлестігі, жетекшісі: Сайлаубекұлы А.

Пән кабинеттерінің құжаттары, жұмыс жоспарлары бекітіліп, ақылы пән кабинеттері толық рәсімделді. Пән кабинеттерінің жабдықталуын  тексеру мақсатында  мектепішілік бұйрық шығарылып, тексеру комиссиясының құрамы анықталды. Пән кабинеттері, оның меңгерушілерінің тізімі жасалынды, оның ішінде ақылы кабинеттер мыналар:

1. №211 бастауыш кабинеті, меңгерушісі-Н.К.Бакижанова

2. № 207 бастауыш сынып кабинеті, меңгерушісі-Э.Н.Касенова 

3. №206 информатика кабинеті, меңгерушісі- Ж.И.Калиева

4. №303 биология кабинеті, меңгерушісі-Б.Ж.Нусипов

5. №306 физика кабинеті, меңгерушісі-Л.Б.Смаханова 

6. №311 қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті, меңгерушісі-Т.А.Бурганбаева

     Кабинетте төмендегідей  қажетті құжаттар бар:

1. Оқу кабинетінің паспорты

2. Кабинетте бар жабдықтардың мәліметтік тізімі

3. Оқушылардың кабинетті пайдалану ережесі. Оқу кабинетінің кестесі

4. Оқу кабинетінің оқу жылында және перспективалық жұмыс жоспары

     Пән мұғалімдерінің күнтізбелік жоспарлары бекітіліп, Kundelir.rz жүйесінің толтырылуы үнемі қадағаланып тексеріліп, кемшіліктері мен ұсыныстары басшылыққа алынып отырылды.  

Өткен оқу жылын зерделей отырып, SWOТ талдау жасау нәтижесінде

әлсіз және қауіпті жақтары  анықталды

І. Күшті жақтары

1. Ақпараттық мәдениеттің дамуы

2. Уақытты ұтымды пайдалану

3. Білім порталдарынан түрлі ақпараттар алу


ІІ. Мүмкіндік 

  1. Ақпараттық құрылғыларды меңгеру
  2. Іс-тәжербие тарату

ІІІ. Әлсіз жақтары

  1. Интернет желісінің төмендігі
  2. Ата-ананың оқушыға қолдау бермеуі


ІV. Қауіп-қатер

  1. Оқушы мен мұғалімнің денсаулығына кері әсер
  2. Оқушылардың қызығушылығының төмендеуі


Әлсіз және қауіпті жақтарын өзіміздегі мүмкіншіліктерді пайдалана отырып шешу жолдарын қарастырылды.

Әлемдік және отандық тәжірибе қазынасынан табылған әдістердің ішінен жетекші орын - бүгінде білім алушылармен жұмыс тәжірибесінде лайықты орын тапқан жоба әдісі.

    Оқушылардың білім алуға құштарлығын арттыру мақсатында мектебімізде «ALTYN URPAQ» жобасы іске асырылуда. 

Жоба мақсаты -өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, үштұғырлы тілді меңгеруге,  спорт түрлеріне, өнерге үйрету арқылы патриоттық рухты көтеруге бағытталған. «Бәсекеге қабілетті, өзін –өзі басқаратын ақпараттық мәдениетті зерттей білетін интеллектуальды мәдениетті дамыған өз Отанының патриотын   тәрбиелеу.  

Жоба міндеттері

  • Дарынды, талантты балаларды анықтау және қолдау мақсатында оңтайлы жағдай жасау; 
  • Жаңа демократиялық  қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және  Қазақстандық  патриот қалыптастыру; 
  • Тұлғаның саяси  - құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәдениетін қалыптастыру;
  • Салауатты өмір салтын ұстану дағдысын нығайту, денсаулықты сақтау.

Жобаның 1 қадамы – Мотивациялық қадам

(2019 қыркүйек-желтоқсан)

Білім сапасын арттыру мақсатында барлық білім беру саласына қатысушылардан сауалнама алынды.

Сауалнама қорытындысы бойынша жұмыс бағыттары анықталды: 

  1. Білім алуға жағымды мотивация жасау 
  2. Оқушылардың   ұлттық өнерге және спортқа қызығушылығын арттыру
  3. Пән мұғалімдеріне сабақ барысында даралық таныту

Жобаның 2 қадамы  - Жоспарлау  (2021 жыл қаңтар-тамыз)

Басты мақсатқа жету кезеңдерін айқындау, жобаның жұмыс мерзімін белгілеу, ақпарат жинақтау, жұмыс топтарын құру.

Жобаны іске асырушы топтар: 

І топ- «Білім» тобы

ІІ топ – «Спортшылар» тобы 

ІІІ топ – «Өнер» тобы

Жобаның 3 қадамы –Практикалық қадам

(2019-2023 оқу жылдары)

Жобамыздың басты мәселесі жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына жағдай жасау.  Ал білім сапасын көтеретін, саналы тәрбие беретін педагог.

Осы орайда педагогикалық кадр  мәселесі бойынша жұмыс жүргізілді.

Маман емес педагогтардың   диплом бойыша мамандандырылуына ықпал етілді.   

Орыс бөлімінен екі бастауыш сынып мұғалімі  Шәкәрім ат.СМУ орыс тілі мен әдебиеті бойынша диплом алды.

Педагогтардың бейіні бойынша біліктілігін арттыру курстарынан мерзімінде өтуін және аттестаттаудан өтуі бақылауға алынды.

Мұғалімдердің кәсіби өсуіне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, біліктілік санаттары көтерілді.


2020 жыл     13,5%

2021 жыл     18,9%

2022 жыл 5,4%

37 мұғалім

Педагог-модератор-3

Педагог-сарапшы-2

Педагог-зерттеуші-0

37 мұғалім

Педагог-модератор-3

Педагог-сарапшы-3

Педагог-зерттеуші-1

37 мұғалім

Педагог-модератор-2


БАРЛЫҒЫ 

Педагог-модератор

Педагог-сарапшы


Педагог-зерттеуші


%

13

10

3

70%


Инновациялық жұмыстарға формальді қарым-қатынас танытатын педагогтардың көзқарасын өзгерту мақсатында аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлерімен қашықтықтан кездесулер  ұйымдастырылды.

Осы кездесулер нәтижесінде ҚМЖ –ды дұрыс құрастыруды,  ақпараттық сауаттылықтың қалыптасуына, білім беруде   әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды өз іс-тәжірибемізге енгіздік. 

Соңғы жылдардың қорытындысы бойынша педагогикалық кадрлердің білім мен біліктіліктерінің артуы оқу процесіне де өзгерістер әкелді.

          «ALTYN URPAQ» жобасының үш тұғырлы тілді меңгерту мақсатында физика және биология пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі.

          «Спортшылар» тобы ұжымда психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында биатлон, шаңғы, коньки сынды жарыстар ұйымдастырды. Осы іс-шаралардың нәтижесінде мұғалімдер бір-біріне көбірек сенім артып, ұйымшылдық пайда бола бастады.

           Топ белсенді демеушілермен ұйымдасып, білім алушылар игілігіне күрес залын татами, спорт залын боксерлық құрылғылармен жабдықтап, волейбол доптарын сыйға берді.

            «ALTYN URPAQ» жобасы аясында мектебімізде әкелер кеңесі жұмыс атқаруда. Әкелер өз кезегінде қазіргі ұлдардың физикалық денсаулығы алаңдатпай қоймайтынын мойындап, жобаның маңызы мен қажеттігін айтты. Ал күрестің текті түрі-қазақ күресі. Ер балалар қазақ күресінің тарихын зерделеп, аптасына екі рет төл спортымыздың негізгі әдіс-тәсілдерін меңгереді. 

            Нәтижесінде мектебіміздің Малдыбеков Арнұр (10 сынып оқушысы) 2021 жылы қараша айында джиуджитсудан Қазақстан  чемпионы    атанды.

«Өнер» тобының жетекшілігімен мектепте ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында  «Қылқалам шебері», «Ұлттық қол өнер шеберлігі», «Рухани-адамгершілік құндылықтар», «Ландшафт дизайны» атты  үйірмелер, Ақтүбек ауылының тұмасы ақын, әнші, композитор Естай Аликеев шығармашылығы бойынша  «Естайтану» авторлық бағдарламасымен жүргізіледі.

 «Өнер» тобының «Мектепті гүлдендірейік» акциясы аясында мектеп ауласына 45 түп ағаш, 76 түп раушан гүлі қондырылды. 

Оқу жылының қорытындысы бойынша «Ақтүбек жұлдыздары» салтанатты марапаттау кеші өткізіледі.  Марапаттау кешінде жүлделі орын иегерлері атанған оқушылар, ұстаздар, мектеп өміріне белсенді араласқан ата-аналар, мектеп қызметкерлері марапатталады, демеушілерге алғыс хат беріледі.

Жобаның 4 қадамы – Қорытынды рефлексиялық қадам 

«ALTYN URPAQ» жобасы бойынша атқарылған бастапқы қадамдарға рефлексия жасалынды:

  • Педагог кадрлармен жұмыс жүйеленді 
  • Ерекше қабілетті балалармен жұмыс өз нәтижесін беруде
  • Оқушылардың  білімге қызығушылығы арта бастады



Жобадан күтілетін   нәтиже:  

- Мектеп мұғалімдерінің  кәсіби құзыреттілгі  артады;

- Мұғалімдердің  озық-педагогикалық іс-тәжірибелері анықталып, зерделеніп аудан, облыс, республика көлемінде тарату көзделеді.

- Оқушылардың білімге қызығушылығы арттырылып, Цифрлы Қазақстан ақпараттық мәдениеті жүзеге асырылып, қоғам дамуына өз үлестерін қосатын тұлғалар  «Рухани жаңғыру» құндылықтары негіздерін «Құндылықтарға негізделген білім беру мен «Қоғамға қызмет» жобаларын іске асыруға ат салысады. 

- Мәдени құндылықтарды насихаттауға жүзеге асыруға бағытталады. 

- Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын кибермәдениетті дамытуды қамтамасыз етуге мотивациялық кеңістікті қалыптастыруға жағдай жасалады. 


Озат тәжірибе тарату жұмыстары.

Озат тәжірибені жинақтау, тарату жұмыстары қанағаттанарлық, мектеп мұғалімдерінің  іс-тәжірибесі аудандық, республикалық журналдарда жарияланған. 2021 жылы  бастауыш сынып  мұғалімі Э.Н.Касенованың іс-тәжірибесі облыс  көлемінде таратылды. 

Олимпиадаларда, оқушылардың ғылыми жоба жарыстарында, конкурстарда, оқу жоспарындағы пәндер мен мектеп қызметі бейіні бойынша жарыстарда оқушылардың жетістіктері: 2021 жылы  «Зерде»ғылыми жоба жарысында-2, аудандық  олимпиада-4, аудандық ғылми жоба-4.  Жарқын болашақ ІІІ орын(2) -2019. "Русский медвежонок" игра-конкурс 20 орын, -2093ж. Ауд."Абай, Шәкәрім оқулары"   ынталандыру.

Мектепішілік бақылау

Мектепішілік бақылау дегеніміз – мектеп әкімшілігінің саналы түрде бағытталған жұмысы, ол – басқару бағдарламасындағы кемшіліктерді анықтайды. Оқу – тәрбие жоспарында мектепішілік бақылаудың жұмыс жоспары бір түрлі үлгімен жазылған.                       2021 жылдың 31 тамыз айында мектеп оқу-тәрбие жұмыс жоспары педагогикалық кеңесте №1 хаттамасымен  бекітілді.

Мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттары: 

-оқу пәндерінің оқытылу барысын бақылау

-ББД-сын бақылау

-сыныптан тыс жұмыстарды бақылау 

-нормативті құжаттардың орындалуын бақылау

-педагогикалық кеңес шешімінің орындалуын бақылау

Мектепішілік бақылаудың әдістері:

     -сабаққа және сабақтан тыс   шараларға қатысқанда мұғалім мен оқушылар арасындағы байланысты бақылау әдістері

    -әкімшілік бақылау

    -оқушылармен, мұғалімдермен және ата-аналармен жекелей әңгіме өткізу әдістері

   -әдістемелік көмек көрсету

Бақылаудың кезеңдері:

    -мақсат қою

   -бақылау объектісін таңдап алу

   -бақылауды жоспарлау

   -ақпаратты жинау және талдау

   -бақылаудың қорытындысын және ұсыныстар жасау


Оқу процесі мен мектепішілік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру нормативтері бойынша жүргізілді 

Бақылау нысаны  

Норма  

1  

Сабақтарға және сыныптан тыс іс-шараларға қатысу және оларды талдау  

Айына  2-3 сабақ (мектеп директоры үшін) 

Айына 8-10 сабақ (директордың орынбасарлары үшін); 

2  

Kundelik.kz     толтырылуын бақылау  

Тоқсанына 1 рет 

3  

Білім алушылардың күнделіктерін тексеру 

Тоқсанына 1 рет 

4  

Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалуын тексеру  

Жылына 2 рет  

5  

Білім алушылардың жеке істерін тексеру  

Жылына 2 рет (сынып жетекшілері үшін) 

Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру  

Жылына 2 рет 

Қыркүйек айында оқу бағдарламасының талаптарының орындалуы мақсатында  Типтік оқу жоспары талқыланды, әдістемелік-ңұсқаулық хатта көрсетілуі бойынша   мұғалімдердің күнтізбелік - тақырыптық жоспарларының оқу бағдарламасымен сәйкестігі бақылауға алынды.

Білім үрдісіндегі педагогикалық кадрға оқу жүктемесі бөлініп, бекітілді.

Оқушыларды көмекші құралдармен, оқулықтармен қамтылды. 

Сынып жетекшілерінің тәрбие жоспарлары тексерілді. Сынып жетекшілердін оқушылардың жеке құжаттарын жүргізілуі   бақылауға алынды.

Әдістемелік бірлестік жетекшілердің жұмыс жоспарлары тексеріліп, бекітілді.

              «Мектепке жол» республикалық акциясының өту барысы директор жанындағы мәжілісте қаралды.

Қыркүйек айында  «Тіл туралы» Заңнын орындалуы Қазақстан халықтарының тілдер онкүндігі бекітілген жоспар бойынша өткізілді, өту барысы директор жанындағы мәжілісте қаралды.  

           Оқушылардың  күнделіктері   талапқа сай толтырылуы үнемі қадағаланады.

            Мұғалімдер мен  оқушыларды санитарлық-гигиеналық тәртіп және өмір қауіпсіздігімен таныстырылды, арнайы журналдарға қолдары қойылды.

           Кабинеттердің, дәліздердің терезелерінің жылылауын және қысқы мерзімге дайындығы   қыркүйек айынында тексерілді, директор жанындағы мәжілісте қаралды.

           Оқушылардың сабаққа қатысуы  қадағаланады. 1 сынып оқушыларының бейімделу кезеңінің  мотивация деңгейінің өзгерлуінің бақыланады.

            Аттестациядан  өтетін мұғалімдердін жұмыс жоспары бекітілді.

            ҚР «Мемлекеттік рәміздер» Заңының орындалуы, «Рәміздерім-мақтанышым» және «Құқық әлемінде» айлықтарының өткізілуі қадағаланып, директор жанындағы мәжілісте қаралды.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасы мен жазу каллиграфиясы тексерілсе, пәндік жинақтық бақылауда барлық пәндердің оқытылуы бағдарламалардың стандартқа сай орындалуы, сарамандық, лабораториялық жұмыстардың жүргізілуі, жазба жұмыстарының нормативке сай орындалуы,  оқушылардың білім сапасы, 1-ші сынып оқушыларының мектеп өміріне қалыптасуы, МАД тобы балаларының 1-ші сыныпқа дайындығы, 5-ші сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі т.б мәселелер тексеріледі. 

Фронталды бақылауда оқушылардың оқу жылының басындағы білім сапасы,  МОДО дайындығы, 5-ші сыныпта негізгі пәндердің оқытылуы қадағаланды. 

Ағымдағы бақылауда мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайы, бастауыш сынып оқушылардың тамақпен қамтылуы, оқушылардың сабаққа қатысуы, медициналық тексерістен өту, шағын орталық  жұмысы,   негізгі пәндер бойынша оқушылардың оқу жылының басындағы білім сапасы (2-11), бағдарламаның орындалуын бақылауға алынды.

           Дене шынықтыру  пәні Президенттік тестілеудің өлшемдерінің орындалуы қадағаланды. 

  «Тіл туралы», «Еңбек кодексі», «Білім туралы», «Сыбайлас-жемқорлық»   Заңның орындалуы, Қауіпсіздік ережелерін сақталуы, ішкі тәртіп ережелерінің орындалуы, тәрбие жұмысының жүргізілуі, мектеп (вариативті) компонент сағаттарын жүргізілуі, математика, физика, информатика пәндерінің оқытылуы, оқушылардың  білім сапасы, онкүндік пен мектепішілік семинар, әдістемелік күн және конференцияның өтілуі, мультимедиялық құрылғыларды оқу үрдісінде пайдаланылуы, асхана  санитарлық –гигиеналық жағдайы және тамақтың сапасы, мектептің жылу және жарық жүйесі, қысқы мерзімге дайындығы тексерілді.

               Барлық тексеріс қорытындылары педагогикалық кеңес, директор жанындағы мәжіліс, кіші педагогикалық кеңесте қаралды. Анықтамалар жазылып, хаттама жүргізілді. Жіберілген кемшіліктер уақытылы түзетіліп, ескертіліп отырды.