Білім күніне орай «Мектебім-мейірім мекені!» салтанатты жиын өткізілді » "Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833) 5-11-74
Есепші бөлімі:
+7(72833) 3-54-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім күніне орай «Мектебім-мейірім мекені!» салтанатты жиын өткізілді
01
сентябрь
2023

Білім күніне орай «Мектебім-мейірім мекені!» салтанатты жиын өткізілді

«Ақтүбек орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Мектебім-мейірім мекені!» 

тақырыбына арналған –салтанатты жиынның

МӘЛІМЕТІ

Бүгін 1 қыркүйек-білім күні. Тәуелсіз еліміз-Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні- өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі.

Биылғы оқу жылы  мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін есте қалары сөзсіз. Бұл жыл сонымен бірге Тәуелсіз Қазақстанның тарихынан ойып алар өзіндік орны бар жыл. Биыл республика, облыс, аудан көлемінде қоғамдық маңызы бар бірқатар мерейтойлар аталып өтілуде. Атап айтар болсақ, Бұл жыл –

  • Қожа Ахмет Яссауидің туғанына-930 жыл
  • Сұлтан Бейбарыстың туғанына-800 жыл
  • Ұлы жүздің биі Төле бидің туғанына-360 жыл
  • Теңгенің қолданысқа енгеніне -30жыл толып отыр.

                                                    

Салтанатты жиын фанфара мен басталып,Қ.Р Мемлекеттік Гимінімен ашылды.Бұл мреке бірінші сынып үшін атаулы мереке болды. Мектеп директоры Тайкенова Г.С алғашқы қоңырау күнімен құттықтады. Жиынға Ақтүбек ауылдық округі әкімі Ахметов Мұрат Байболатұлы және  . Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ахметбаева Назигул Қызырбековна қатысты. Ауыл әкімі  оқушыларды оқу жылымен құттықтап,бірінші сынып оқушыларына   өзінің жүрек жарды тілектерін білдірді. 2023-2024 оқу жылындағы барлық оқушы саны 221. Жиын барысында Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ахметбаева Назигул Қызырбековна автобустың кілтін табыстады. Алғашқы қоңырауды соғу құрметіне ие болғандар 11 сынып оқушылары Дәулетхан Әкежан, Хадисова Раяна және  мектеп табалдырығын атағалы отырған бүлдіршініміз Серік Айзереге 

тапсырылды. Бірінші сынып оқушылары жиынның біткен соң Мектебім-мейірім мекені! тақырыбында алғашқы білім сабағына жіберілді.Сабақтан кейін толықтай үйлеріне қайтарылды.


1-қыркүйек – Білім күніне арналған 

«Мектебім-мейірім мекені!» 

 салтанатты жиынының сценарийі


Өткізілетін орны: Мектеп алаңы

Өткізілетін күні:  01.09.2023ж

Басталуы: 09.00

Фанфар

  1. жүргізуші:

Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекесі құтты болсын!

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күні»- мерекең!

1-Жүргізуші:

Үлкендер енші алып өмірден,
 Аттанбақ болса асып қыр
 Балалар балғын көңілмен
 Алғашқы қадам басып тұр
 Сондықтан да назарды,
 Солар жаққа бұрайық
 Балдырғандарды базарлы
 Қарсы алып, қол ұрайық - 
дей келе ортамызға алғаш рет шәкірттеріне әріп үйретіп, білімнің асқар шыңына жетелейтін ұлағатты  ұстазымыз бен бүлдіршіндерімізді  қарсы  алайық!

        Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар, бүгінгі мерекемізге ақ тілектерін  ала келген қонағымызбен таныс болыңыздар.

1. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ахметбаева Назигул Қызырбековна

2. Ақтүбек ауылдық округінің әкімі Ахметов Мұрат Байболатұлы


1-Жүргізуші:

1- қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені» атты салтанатты жиын ашық деп жарияланады.







1-Жүргізуші:

         Алғашқы құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Тайкенова Гульнар Саяхатқызына беріледі.

1-жүргізуші: 

Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
 Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
 Қуаныш пен салтанатты шақтарда
 Қонақтар да ақ тілегін ақтарар 
– дей келесі сөз кезегін бүгінгі салтанатты мерекеміздің мәртебелі қонағы

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ахметбаева Назигул Қызырбековнаға беріледі.


Келесі құттықтау сөз Ақтүбек ауылдық округінің әкімі Ахметов Мұрат Байболатұлына беріледі.

1-жүргізуші:

Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.

Ендігі кезекті,1 сынып оқушыларына сөз кезегін береміз.

1-Жүргізуші:

  • Кішкентай бүлдіршіндердің әрқашан аға әпкелерінен  үлгі алатыны белгілі. Осы орайда биылғы мектеп табалдырығын аттаған 

1 сынып оқушыларына мектебіміздің 11 сынып оқушылары өз сыйларын табыстауға рұқсат етіңіздер.

1-Жүргізуші:

Қоңырау үні шарықта,

Өзіңнің сиқыр тіліңде.

Қызмет көрсет халыққа,

Шақырып өнер – білімге

Құрметті ұстаздар, шәкірттер, ата – аналар! 

Алғашқы қоңырауды соғу құрметіне ие болғандар 11 сынып оқушылары Дәулетхан Әкежан, Хадисова Раяна және  мектеп табалдырығын атағалы отырған бүлдіршініміз Серік Айзереге беріледі.

Жаңа оқу жылы құт болып,

Ізгілік оты жағылсын.

Бөбек пен түлек жұп болып,

Алғашқы қоңырау қағылсын!


1-Жүргізуші.

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,

Оқу жылы басталсын

Бал үнің сенің сырлы ырғақ

Сыныпқа бізді бастасын!

1- қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені» атты салтанатты жиын жабық деп жарияланады.

1-Жүргізуші.

 1 сынып оқушыларын  салтанатты түрде «Мектебім-мейірім мекені»  атты алғашқы білім сабағына шақырамыз.